«KADEX-2016»: «Найза» пилотаж тобы Астана аспанында «вальс» орындады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елорда тұрғындары мен қонақтары Астанада өтіп жатқан «KADEX-2016» халықаралық қару-жарақ пен әскери техника көрмесін тамашалады. Мінеки, осымен төртінші күн ҚР ҚК-нің авиабазасы қорғаныс саласындағы мамандарды, ал 4 және 5 маусым күндері барлық келемін деушілерді қабылдап жатыр, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.