Астананың жер аумағы кеңейеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің отырысында қаланың шекарасы кеңейе түсетіні мәлім болды. Астана халықаралық әуежайының ұшып-қону жолағын қайта жөндеу кезінде жаңа терминал салу үшін жалпы ауданы 347,60 га жер телімі бөлінетін болады. Сонымен қатар, жалпы ауданы 1419 гектар жер ҚР Ұлттық пансионын, сондай-ақ, қалалық зират салуға берілмек, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.