Хиджаб киіп, бет-жүзін қарамен бүркеп жүру қазақ әйелдерінің табиғатына жат (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат- Қазақ халқының ұлттық болмысы өзіне тән оқшау қалыппен сақталып, өзге ұлттардан дараланып тұратындығымен ерекше. Сол қатарда халқымыздың бай тарихи дәстүрге ие ұлттық киім-кешек мәдениетін де атауға болады. Ұлттық киімдеріміз басқа халықтардың киімдеріне ұқсай бермейтін өзгеше даралығы және жарасымды сән-салтанатымен бағалы.