Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 2015 жылы 1,1 млрд долларды құрады - ҚР АШМ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты соңғы бес жылдың ішінде 1,3 есеге өсті және 2015 жылдың қорытындысы бойынша 1,1 млрд долларға жетті, деп хабарлады Үкімет басшысының сайты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.