Қазақстан Азиада финалында су добынан алғашқы медалін алды
Қазақстандық ватерполшылар финалға дейін жетіп, онда Жапония құрамасымен кездесті. Төрт кезеңнің қорытындысы бойынша жапон спортшылары 24:7 (5:0, 8:2, 5:2, 6:3) есебімен жеңіске жетті.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Kazakhstan Olympic Team (@olympickz) жариялаған жазба
Ширек финалда Қазақстан ерлер құрамасы Оңтүстік Кореяны 18:14 есебімен жеңсе, жартылай финалда Қытайды 11:10 есебімен жарыс жолынан шығарды. Осылайша, Қазақстан командасы су добынан Азиададағы алғашқы жүлдесіне ие болып, Ойындарды күміс медальмен аяқтады.
Қазір Қазақстан қоржынында Азиаданың 12 алтын, 24 күміс және 47 қола жүлдесі бар.