81 жастағы саяхатшы қазақ әже «KFC» жегенді ұнатады екен - немересінің әңгімесі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сексенге тақаған тұсында Лена апа өмірінде алғаш рет шет елге шыққан еді. Жасыратын несі бар, ұрпағының қамын ойлаған қазақтың қариялары бұл жаста бала-шағасының тілеуін тілеп, немере-шөбересін бағып отырады. Тіпті, көбі әлемнің ең керемет елдеріне емес, «ана жаққа» сапарлап кетеміз бе деп қорқып отырады.