Мен Ақтөбе қаласындағы №41 жалпы білім беретін орта мектебінің 2 «А» класында оқимын. Сүйікті мектебімнің табалдырығын аттағаныма көп болмаса да мен үшін алтын ұяма айналып үлгерді. Алғаш «А» әрібін үйретіп, «АНА» деген сөзді жазуға дағдыландырған сүйікті ұстазым Клара Әмірешқызы біздің анамыздай болып кетті. Әрдайым біздерге «Бірлік бар жерде тірлік бар, бірге болыңдар» деп ақылын айтудан жалыққан емес.