Менің шыр етіп дүние есігін ашқан мекенім – арайлы Ақтөбе қаласы. Ақтөбе қаласы кең байтақ Қазақстанымның батыс бөлігінде орналасқан. Қойнауы байлыққа толы шырайлы Ақтөбем – менің ата-бабамның мекені. Тәуелсіздігіміз, бостандығымыз үшін тер төккен Әлия мен Есет бабамыздың мекені.