Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Қазақстанда салық төлеу бойынша кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелеріне өзгерістер енгізілді. Енді құжаттарда қате кеткен жағдайда өтініш берушіге алғашқы жүгінген күнін жоғалтпай, оларды түзетуге уақыт беріледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Не өзгереді?
Қаржы министрі Мәди Такиев салықтарды, төлемақыларды және өсімпұлдарды төлеу бойынша кейінге қалдыру мен бөліп төлеу қағидаларын жаңартатын бұйрыққа қол қойды.

Негізгі өзгерістердің бірі қателер немесе дәлсіздіктер анықталған өтініштерге, сондай-ақ өтініш беруші құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайларға қатысты.
Мұндай жағдайларда салықтық өтініш цифрлық күту парағы арқылы қабылданады. Бұл ретте ұсынылған құжаттар өтініш берушіге қайтарылып, кемшіліктерді жоюға уақыт беріледі.
Бұл кезең мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне есептелмейді. Егер өтініш беруші қателерді уақтылы түзетсе, құжаттарды қабылдау күні болып алғашқы жүгінген күн есептеледі. Осыдан кейін өтінішті қарау мерзімі жалғасады.
Егер кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаса, өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартылады.
Өтініш қанша уақыт қаралады?
Қызмет көрсетудің жалпы мерзімі өзгеріссіз қалды - салықтық өтініш алынған күннен бастап 10 жұмыс күніне дейін.
Өтінішті Мемлекеттік кірістер комитетінің (МКК) аумақтық органдары, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы немесе eGov порталы арқылы беруге болады. Қызмет тегін көрсетіледі.
Кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу қандай мерзімге беріледі?
Жаңартылған ережелерге сәйкес, кейінге қалдыру алты айдан аспайтын мерзімге, ал бөліп төлеу 36 айдан аспайтын мерзімге беріледі. Салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін басқа мерзімдер қарастырылған.
Берешек 1500 АЕК-ке дейін (2026 жылы 6,4 миллион теңге) болған жағдайда мүлікті кепілге қоймай және банктік кепілдіксіз кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу мүмкіндігі сақталады. Ол үшін салық төлеуші белгіленген талаптарға сай болуы тиіс.
Атап айтқанда, оның қолданыстағы кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу шарты болмауы керек, сондай-ақ салық төлеуші ретінде тіркелген сәттен бастап кемінде екі жыл өтуі тиіс. Сонымен қатар салық төлеуші қызметін тоқтатқандар мәртебесінде болмауы қажет.
Өзгерістер қаржы министрінің 2026 жылғы 30 қыркүйектегі бұйрығымен енгізілді. Құжат алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бұған дейін Құрылтайда түрлі облыстағы оңайлатылған декларация бойынша салық мөлшерлемелерінің айырмашылығы және өңірлер арасында бизнестің ықтимал көшу мәселесі көтерілді. Депутат Дәурен Ахметжаев бүкіл Қазақстан бойынша оңайлатылған режим үшін бірыңғай мөлшерлеме белгілеуді ұсынды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus