Алматы облыстық мәслихатына жаңа хатшы сайланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Талдықорған қаласында облыстық мәслихаттың IV шақырылымының бірінші сессиясы өтіп, сессия барысында депутаттар Алматы облыстық мәслихатының жаңа хатшысын сайлады. Мәслихат хатшылығына Серік Мұқанов ұсынылды. Оның кандидатурасын қатысқан депутаттардың барлығы бірауыздан қолдады, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.