Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысының әйелдерін құттықтады (ФОТО)
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі «Салтанат сарайы» кешенінде "Әлем әйелдермен әдемі" атты салтанатты шара өтті. Мерекелік жиынға қатысқан облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өңірдің барлық аудандарынан жиналған 900-ден астам аяулы ана, көпбалалы ана, қоғамда белсенді қыз-келіншектерді 8 наурызбен құттықтады.