Өскеменде бала туу көрсеткіші артып келеді
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде 2015 жылы бала туу көрсеткіші 6,1%-ға, халықтың табиғи өсімі 27%-ға артты. Нәрестенің өлім-жітімі 11,5%-ға азайды. Ал ана өлімі тіркелген жоқ. Бұл туралы бүгін қалалық әкімдікте өткен есеп беру кездесуінде Өскемен әкімі Темірбек Қасымжанов хабарлады.