Боранға байланысты «Қарағанды-Аягөз-Боғаз» күре жолында көлік қозғалысы жабылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында 24 қаңтарда сағат 15:00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қатты жел, боран) республикалық маңыздағы «Қарағанды-Аягөз-Боғаз автожолында (707-900 шақырымдар, Аягөз қаласы - Ақсуат ауылы) барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.