Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Зейнетақы аз болуы мүмкін: жұмыс беруші жылдар бойы жарна төлемесе, не істеу керек?

Егер жұмыс беруші бірнеше жыл бойы міндетті зейнетақы жарналарын аудармаған болса, бұл сіздің болашақтағы зейнетақы төлемдеріңіздің мөлшеріне және еңбек өтіліңізді есептеуге әсер етуі мүмкін. Жетпеген қаражатты қайтуға, зейнетақы мөлшерін қайта есептеуге қол жеткізуге бола ма? Сондай-ақ егер компания жабылып қалған жағдайда не істеу керек екенін Tengrinews.kz анықтап көрді.
Төлемдердің болмауы зейнетақыға қалай әсер етеді?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі міндетті зейнетақы жарналарының (МЗЖ) болмауы зейнетақымен қамтамасыз етудің бірнеше құрамдас бөлігіне, атап айтқанда, мемлекеттік базалық зейнетақыға және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) төленетін төлемдерге әсер етуі мүмкін екенін түсіндірді.
Базалық зейнетақы төлемінің мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу ұзақтығына байланысты болады. Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі, ал аталған датадан кейінгі кезең үшін - жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу ұзақтығы ескеріледі.

"1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі, міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) түспеген және белгіленген тәртіппен расталмаған жұмыс кезеңдері базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін айқындау кезінде ескерілмейді", - делінген министрліктің Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына жауабында.

Осылайша, егер жұмыс беруші бірнеше жыл бойы міндетті жарналарды аудармаған болса, бұл зейнетақы тағайындау кезінде ескерілетін еңбек өтілінің қысқаруына, сәйкесінше, базалық зейнетақы мөлшерінің азаюына әкеп соғуы мүмкін.
Сонымен қатар жарналар түспеген айлар үшін жеке зейнетақы шотында тиісті қаражат жинақталмайды. Бұл жағдай болашақта Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) төленетін төлемдер мөлшерінің азаюына себеп болуы ықтимал.
Инвестициялық табысқа не болады?
БЖЗҚ инвестициялық табыс тек зейнетақы шотына нақты түскен қаражатқа ғана есептелетінін түсіндірді. Егер жұмыс беруші бірнеше жыл бойы жарналарды аудармаған болса, онда бұл қаражат инвестициялық қордың (активтердің) құрамына кірмеген. Қордың мәліметінше, қарыз сомасы кейінірек төленген күннің өзінде, бұл шот иесіне төлем кешіктірілген кезеңде алуы мүмкін болған инвестициялық табыстың толық көлемде өтелетініне кепілдік бермейді.
Дегенмен, заңнамада міндетті зейнетақы жарналары уақтылы аударылмаған жағдайда өсімпұл қарастырылған. БЖЗҚ ақпаратынша, мұндай төленбеген жарналар мен өсімпұлдарды мемлекеттік кіріс органдары өндіріп алуы мүмкін немесе жұмыс беруші оларды белгіленген тәртіпке сәйкес өз еркімен аудара алады.
Мерзімі өткен жарналар әр ай үшін жеке-жеке, яғни төлем нақты қай кезеңге жүргізіліп жатқаны көрсетіле отырып аударылуы тиіс.
Егер адам зейнетке шығып қойса не болады?
Министрліктің хабарлауынша, зейнетақы тағайындалған адам, егер ол төлем мөлшеріне әсер ететін, бұрын ескерілмеген жағдайларды кейінірек растай алса, зейнетақы мөлшерін қайта есептеуді сұрай алады. Дегенмен, мемлекеттік зейнетақы төлемдері мен БЖЗҚ жинақтарды бір-бірінен ажырата білу маңызды.
Базалық зейнетақы мен жасына байланысты зейнетақы төлемдерін қайта есептеу заңнамада белгіленген қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады. Ал бұрын түспей қалған міндетті жарналардың келіп түсуі тиісті зейнетақы жинақтарының ұлғаюына әкеледі.
Сонымен қатар кейіннен еңбек өтілін растау немесе төленбей қалған сомаларды төлеу зейнетақының ол алғаш тағайындалған күннен бастап автоматты түрде қайта есептелетінін білдірмейді.
Министрлік қайта есептеу жүргізілуі мүмкін күн төлем түріне, қайта қарау негіздеріне және растаушы құжаттардың қашан ұсынылғанына байланысты болатынын түсіндірді.
Төленбеген зейнетақы жарналарын өз бетіңізше қалпына келтіруге бола ма?
БЖЗҚ қызметін тоқтатқан жұмыс берушінің орнына, жеке тұлға өткен жұмыс кезеңдері үшін міндетті зейнетақы жарналарын өз бетінше төлей алмайтынын мәлімдеді.

"Аталған мәселер сот тәртібінде реттеледі", - деп хабарлады қор.

Сонымен қатар жеке тұлғалар ерікті зейнетақы жарналарын төлей алады. Бұл төлемдердің мөлшері мен жиілігін жарна төлеушінің өзі анықтайды.
Алайда ерікті төлемдер жұмыс берушінің жұмыс істеу кезеңіндегі белгілі бір айлар үшін төлеуге міндетті болған міндетті жарналарын автоматты түрде алмастырмайды.
Егер компания жабылып қалса, зейнетақы жарналарына кім жауапты болады?
Еңбек министрлігінің түсіндіруінше, компанияның таратылуы мемлекеттік бюджет есебінен төленбеген зейнетақы жарналары автоматты түрде өтелетінін білдірмейді. Мұндай берешек сомаларды қайтарып алу мүмкіндігі нақты жағдайларға, заңды негіздерге, борышкерде активтердің болуына және қолданыстағы заңнамалық рәсімдерге байланысты болады.
Егер еңбек қызметіне қатысты құжаттар сақталған болса, азаматтарға мұрағатқа жүгінуге немесе таратылған ұйымның құқықтық мұрагері бар-жоғын анықтауға кеңес беріледі. Кейбір жағдайларда қажетті деректерді растау үшін сот шешімі талап етілуі мүмкін.
Сонымен қатар министрлік ресми жұмысқа орналасу мен міндетті зейнетақы жарналарының нақты төленуі бір нәрсе емес екенін атап өтті. Сондықтан, еңбекке қатысты құжаттардың болуы тиісті кезең зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне автоматты түрде қосылатынын әрдайым білдіре бермейді.
Зейнетақы аударымдарының тарихын қайдан көруге болады?
Зейнетақы аударымдары туралы ақпаратты БЖЗҚ сайтындағы жеке кабинетте, қордың мобильді қосымшасында немесе eGov арқылы алуға болады.
Бұл ретте БЖЗҚ 2009-2015 жылдардағы деректерге ерекше назар аударады. Бұл кезеңде міндетті зейнетақы жарналарын аудару кезінде анонимділік қағидаты қолданылды: қаражатты аударған жұмыс берушілер туралы ақпарат зейнетақы қорларына ашып көрсетілмеді. Салдарынан Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының тиісті жылдарға арналған үзінді көшірмесінде төлеуші ​​туралы мәліметтер болмауы мүмкін.
"Зейнетақы жарналары бойынша үзінді көшірме алу" қызметіне сұраныс жіберу арқылы ақпаратты eGov порталында тексере аласыз.
Жұмыс беруші МЗЖ аудармаған жағдайда не істеу керек? Нұсқаулық
Еңбек министрлігі мен БЖЗҚ мынадай кеңес береді:

БЖЗҚ-дан ақпарат алып, зейнетақы жарнасы аударылмаған айлар мен жылдарды анықтау қажет.
Егер жұмыс беруші әлі де жұмыс істеп тұрса, олармен байланысып, түсіндірме және төлем құжаттарын сұраңыз.
Жұмыс беруші тіркелген жердегі мемлекеттік кірістер органдарына немесе e-Otinish платформасы арқылы өтініш жолдаңыз. Дәл осы органдар зейнетақы жарналарының толық әрі уақтылы аударылуын қадағалайды.
Егер компания таратылған болса, оның құжаттарының қайда сақтаулы екенін анықтап, тиісті мұрағатқа немесе құқықтық мұрагерге хабарласыңыз..
Қажет болған жағдайда, өз құқығын қорғау және қолда бар құжаттар арқылы растау мүмкін емес мән-жайларды анықтау үшін сотқа жүгіну керек.

Егер мәселе бұрын тағайындалған мемлекеттік зейнетақыға және оны қайта есептеу мүмкіндігіне қатысты болса, азамат Еңбек министрлігіне қарасты Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің жергілікті бөлімшесіне жүгіне алады.
Құзырлы органдар жарна төлемдерінде қандай да бір олқылықтар анықталған жағдайда, бұл мәселе бойынша жүгінуді кейінге қалдырмауға кеңес береді.
Тағы оқыңыз: Жұмыс беруші зейнетақы жарналарын аудармаса, қызметкер не істеуі керек?

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus