Тағы да сенсация: шымкенттік боксшы қыз үш дүркін әлем чемпионын жеңді
Бірақ екінші және үшінші раундтарда төрешілер Элина Базарованың жағына шықты.
Нәтижесінде Қазақстан чемпионатының финалы Қызайбайдың сенсациялық жеңілісімен 2:3 есебімен аяқталды.
Айта кетсек, Назым - Қазақстандағы ең танымал боксшы. Ол бокстан әлем чемпионатының 5 медалін иеленген, оның үшеуі - алтын. Сондай-ақ ол Парижде өткен 2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. Қазақстанның бірде бір спортшысы бокстан әлем чемпионатын осынша рет жеңбеген. Бұл ретте оның салмақ категориясы 48 келіге дейін.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan) жариялаған жазба
Элина Базарова деген кім?
Шымкенттік 22 жастағы боксшы 2022 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатын жеңген. Ересектер арасында қазақстан чемпионы атанып, Странджа кубогін алған.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Публикация от Элина Базарова (@bazarova_elina)
Сонымен қатар өткен жылы Базарова кәсіби деңгейдегі алғашқы жекпе-жегін өткізіп, өзбекстандық Ситора Шогдарованы ұтып, сенімді жеңіске қол жеткізді.
Айналысатын спорты физикалық тұрғыдан өте ауыр әрі жоғары қауіп-қатерге толы болғанына қарамастан, Элина жанкүйерлерді тек көрсеткен нәтижелерімен ғана емес, сонымен қатар көз тартарлық келбетімен де тәнті етеді.Қазірдің өзінде оның Instagram желісінде 12 000-нан аса жазылушысы бар, олардың көбі оның сұлулығына жиі тамсанып, пікір қалдырады.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Публикация от Элина Базарова (@bazarova_elina)
Сенсация: 19 жастағы қазақстандық боксшы әлем чемпионын тізе бүктірді