Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Хат жазып қалдырған: СҚО-да әкімдік қызметкері сірке суын ішіп қойды

Солтүстік Қазақстан облысында аудандық әкімдікте қызмет еткен әйел сірке суын ішіп, қоштасу хатын қалдырған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға 3 қарашада Мағжан Жұмабаев ауданында болған. Әлеуметтік желілерде 62 жастағы мемлекеттік қызметкер аудандық әкімдікте жүргізілген қаржылық тексеріске байланысты өз-өзіне қол жұмсамақ болды деген ақпарат тарады. Тексеріс пен қызметкердің бұл әрекеті арасындағы байланыс ресми расталған жоқ.
Дегенмен, облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі Tengrinews.kz-ке суицидке әрекет жасау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

"3 қарашада аудандық ауруханаға улану белгілерімен 62 жастағы жергілікті тұрғын жатқызылды. Оқиға орнынан сірке қышқылы құйылған бөтелкелер мен қоштасу хаты тәркіленді. Тергеу аясында қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр", - деді СҚО ПД баспасөз қызметі.

Қазір әйел жансақтау бөлімінде жатқаны белгілі.
Солтүстік Қазақстанда тағайындалғанына үш ай болған әкім өлі табылды
2026 жылғы мамырда Солтүстік Қазақстан облысында Ақжар ауданы Май ауылдық округінің әкімі Ерлан Смайылов өлі күйінде табылған. Сол кезде суицид дерегі бойынша тергеу басталды. Марқұм ауылдық округ әкімі қызметін небәрі үш ай атқарған.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus