“Қан“ іздері мен жүксалғыштан салбыраған аяқ-қол: Алматы полициясы жүргізушілерге ескерту жасады
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, мұндай безендірулер тұрғындарды үрейлендіріп, олардың жедел қызметтерге хабарласуына себеп болуы мүмкін. Сондай-ақ, жолдағы өзге жүргізушілердің назарын аударып, көлік қозғалысына қауіп төндіреді.
"Жол қозғалысы ережесіне сәйкес, көлікке орнатылған немесе тиелген заттар жүргізушінің көруіне кедергі келтірмеуі, көлікті басқаруды қиындатпауы, мемлекеттік нөмір мен жарық шамдарын жаппауы және айналадағы адамдарға қауіп төндірмеуге тиіс", - деп түсіндірді полиция департаменті.
Полицияның хабарлауынша, көліктің қалай безендірілгеніне және қандай ереже бұзылғанына қарай жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылуы мүмкін. Атап айтқанда, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 590-бабы ("Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу") бойынша жаза қарастырылған.
Тәртіп сақшылары жүргізушілерді көпшілік жүретін жолдарды қауіпті әзіл-қалжың жасайтын орынға айналдырмауға шақырды. Полиция мереке аяқталғанымен, жол қауіпсіздігіне қатысты жауапкершілік әрдайым сақталатынын еске салды.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Алматы қаласының ПД жарияланымы (@almaty.police)
Тағы оқыңыз: BMW иелерін тікелей дисплей арқылы Хеллоуинмен құттықтады