Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

182 миллион теңгенің алтынын аяқ киіміне жасырған әйел ұсталды

Қырғызстандық әйел Қазақстан арқылы Қытайға жасырын алып өтпек болған алты алтын құймасынан айырылды. Тәркіленген алтынның жалпы құны 182,3 миллион теңгеге бағаланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Бас көлік прокуратурасының ресми сайтына сілтеме жасап.
Қадағалау органының мәліметінше, әйел алтын құймаларды Қырғызстаннан сатып алып, "Қордай Авто" өткізу бекеті арқылы Қазақстанға кірген. Кейін оларды заңсыз жолмен Қытайға өткізуді жоспарлаған.
Кеденшілер мен шекарашыларға білдірмеу үшін әр аяқ киімінің ұлтарағының астына үш алтын құймадан жасырған. Алайда "Қорғас" халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығының маңындағы тексеріс кезінде алтын табылып, тәркіленді.

"Бас көлік прокуратурасының өтініші бойынша сот жалпы салмағы 2,8 келі, құрамындағы алтынның үлесі 99 пайыздан асатын, құны 182,3 миллион теңге болатын алты алтын құйманы соталды тәркілеу туралы шешім қабылдады. Алтын мемлекет меншігіне өтті. Сот қаулысы заңды күшіне енді. Соталды тергеу жалғасып жатыр", – деп хабарлады Бас көлік прокуратурасы.

Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында алтынды заңсыз өндіруді ұйымдастырғаны үшін кінәлі деп танылған екі ер адамға сот үкімі шыққанын жазған едік. Олар жалпы құны 844 миллион теңгеден асатын 15 келіден астам алтын өндірген.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus