Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

100-ге жуық қазақстандық Англияда жұмыс істеу үшін ақша төлеп, алданып қалды

Көкшетау тұрғыны азаматтарды шетелге жұмысқа орналастыруға уәде беріп, алаяқтық жасағаны үшін сотталды. Сот мәліметінше, оның әрекетінен 92 адам зардап шегіп, жалпы шығын көлемі шамамен 70 миллион теңге болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Көкшетау қалалық соты жеке кәсіпкер Б.-ға қатысты қылмыстық істі қарады. Ол ақпараттық жүйені және Интернет желісін пайдаланушыларды алдау және сеніміне қиянат жасау арқылы аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
Сот 2024 жылдан бастап әйел азаматтарға шетелде жұмысқа орналасу үшін құжаттар рәсімдеу қызметін көрсеткенін анықтады. Ол әлеуметтік желілерде өзін блогер ретінде таныстырып, қызметін жарнамалаған.
Сот мәліметінше, әйел клиенттермен шетелге жұмысқа орналастыру туралы шарттар жасап, виза мен медициналық сақтандыруды рәсімдеуге уәде берген, сондай-ақ олармен Англияға ұшу күндерін талқылаған. Көрсеткен қызметі үшін ол әр клиенттен 250 мыңнан бір миллион теңгеге дейін ақша алып отырған.
Ақшаны алғаннан кейін, әйел міндеттемелерін орындамай, кездесуден қашқан және телефон қоңырауларына жауап беруді тоқтатқан.
Оның әрекетінен Көкшетау, Астана, Қарағанды мен Қазақстанның бірқатар облысынан 92 адам зардап шекті. Шығынның жалпы сомасы шамамен 70 миллион теңге болды.
Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің айғақтарымен, құжаттармен, банктік үзінділермен және қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді.
Сот үкімімен әйелге алты жыл сегіз айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, сондай-ақ азаматтардың ақшалай қаражатын коммерциялық және өзге де қызметке тартуға байланысты қызметпен айналысу құқығынан бес жылға айырылды. Бұл ретте асырауында кәмелетке толмаған екі баласының болуына байланысты бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеу бір жылға кейінге қалдырылды.

Сот 28 жәбірленушінің азаматтық талап-арызын қанағаттандырды. Өтініш берушілердің пайдасына әрқайсысына 200 мыңнан бір миллион теңгеден аса мөлшерде материалдық шығын өндірілді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus