Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Жеңілмеген қазақстандықтың жекпе-жегі күтпеген нокаутпен аяқталды

Орта салмақта өнер көрсететін жеңілмеген қазақстандық кәсіпқой боксшы Виктор Теміров венесуэлалық Джонни Санчесті нокаутқа түсірді, деп хабарлайды Tengri Sport.
Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Виктор Теміров тәжірибелі венесуэлалық Джонни Санчесті мерзімінен бұрын жеңіп, өзінің жеңісті сериясын жалғастырды. 2026 жылғы 3 қазанда Гамбургте (Германия) өткен жекпе жек алты раундқа жоспарланған болатын.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Temirov Viktor (@temiroov_) жарияланымы


Бірінші раундтың аяғында Теміров 39 жастағы қарсыласын шаршы алаңда сұлатып салды. Санчес орнынан тұрып, жекпе-жекті жалғастырғанымен, екінші раундта қазақстандық оны тағы екі рет нокдаунға жіберді.Үшінші рет құлағаннан кейін төреші кездесуді тоқтатты – техникалық нокаутпен жеңіс тіркелді.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Temirov Viktor (@temiroov_) жарияланымы


Виктор Теміров деген кім?
Виктор Теміров – қазақстандық кәсіпқой боксшылар жаңа буынының жарқын өкілдерінің бірі. Ол 1999 жылыАлматы облысының Базаркелді ауылында дүниеге келген.
Боксқа біршама кеш – 16 жасында келді. Әуесқойлық мансабы да ұзаққа созылмады. Теміров бастапқыдан кәсіпқой боксты көздеп, әуесқойлық атақтарға немесе Олимпиадаға ұмтылмаған.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Temirov Viktor (@temiroov_) жарияланымы


Кәсіпқой рингтегі дебюті 2021 жылдың шілдесінде Мюнхенде (Германия) өтті. Теміров жекпе-жектерінің барлығын дерлік Германияда өткізеді – бұл елде кезінде Геннадий Головкин де кәсіпқой жолын бастаған болатын.2026 жылдың ақпанында Бад-Херсфельдте Теміров жеңілмеген неміс боксшысы Доменик Арнольдты бесінші раундта техникалық нокаутпен тоқтатып, орта салмақта WBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын жеңіп алды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Temirov Viktor (@temiroov_) жарияланымы


Теміров – жаңа Головкин бе?
Германия жұртшылығы мен жергілікті мамандар Виктор Теміровті жас Геннадий Головкинмен жиі салыстыра бастады.2000-жылдардың басындағы GGG сияқты, Теміров те мансабын Германияда құрып жатыр. Мұнда қазақстандық боксшыларды қатал әрі тартысты жекпе-жек шеберлері ретінде танып қалған.
Сондай-ақ жас қазақстандықтың рингтегі агрессиясы, қысым көрсетуі, ашық айқасқа дайындығы және жеңістерінің көбін мерзімінен бұрын аяқтауы оны Головкинге ұқсата түседі.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Temirov Viktor (@temiroov_) жарияланымы


“Тартысты жекпе-жектер керек“ - қазақстандық файтер титулдық кездесудегі нокаут туралы18 секундтағы нокаут қырғызстандыққа UFC келісімшартын сыйлады

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus