Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Маған үзіліс алу керек“: Рыбакина жеңілісі мен жоспарлары туралы айтты

Әлемнің бірінші ракеткасы, қазақстандық Елена Рыбакина Бейжіңде өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы China Open турнирінің екінші айналымында тосыннан жеңілгеннен кейін пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengri Sport.
Рыбакина бұл турнирде әлемнің бірінші ракеткасы мәртебесінде алғаш рет кортқа шықты. Оның қарсыласы Армения өкілі, әлемдік рейтингте 118-орында тұрған Алина Чараева болды.
Алғашқы сет Рыбакинаның пайдасына аяқталды – 6:3. Алайда келесі екі сетте Чараева басым түсті – 6:4, 6:3. Кездесу екі сағат 12 минутқа созылды.

"Бүгін корттағы ойын өте ауыр өтті. US Open-дегі жеңістен кейін көп жағдай болды, дұрыс ұйықтап, толық қалпыма келуге уақыт болмады. Алинаны жеңісімен құттықтаймын, ол өте жақсы матч өткізді. Ойынның аяғына қарай табанымнан аздап жайсыздық сезіндім. Сондықтан біраз үзіліс жасап, қалпыма келуім керек. Алдағы апталардың кестесіне де қараймыз. Қолдау көрсеткен барлық жанкүйерге рақмет. Келесі жылы Бейжіңде қайта кездесеміз", – деді Рыбакина баспасөз мәслихатында.

Қазақстандық теннисші бір апта демалып, содан кейін жарыстарға қайта оралуды жоспарлап отырғанын айтты.

"Қазір бір апта демаламын. Аяғым толық қалпына келеді деп үміттенемін. Маусымның қалған турнирлеріне қатысып, 2026 жылды толық аяқтағым келеді", – деді Рыбакина.













Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Elena Rybakina ???? (@lenarybakina) жариялаған жазба


Елена Рыбакина – әлемнің үздік теннисшісі
Еске салайық, Елена Рыбакина кәсіби теннис жолын 2016 жылы бастап, 10 жыл ішінде WTA-ның 14 титулын жеңіп алды. Олардың ішіндегі ең маңыздылары – Уимблдон-2022, Қорытынды турнир – 2025, Australian Open 2026 және US Open 2026 жеңістері.
US Open турниріндегі жеңісінен кейін Рыбакина мансабында алғаш рет әлемдік рейтингтің бірінші сатысына көтерілді. Оның беларусьтік Арина Соболенкодан басымдығы 2211 ұпай болды, алайда алда жыл аяғына дейінгі жағдайды өзгерте алатын бірнеше турнир бар.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Elena Rybakina ???? (@lenarybakina) жариялаған жазба

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus