Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстандықтарға Мұғалімдер күніне арналған сыйлықтарға қатысты алаяқтық ескертілді

Бас прокуратура Мұғалімдер күні қарсаңында қазақстандықтарға жаңа алаяқтық схема туралы ескертті. Қаскөйлер жалған сайттар арқылы педагогтерге сыйлық сатып алуды ұсынып, сенімге кіру үшін жасанды интеллект көмегімен жасалған тауар суреттерін қолданады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Тауар тек суретте бар

Алаяқтар мұғалімдерге арналған сыйлықтардың тиімді ұсыныстары бар сайттарға сілтемелер таратады. Мұндай беттер нақты интернет-дүкендер сияқты көрінуі мүмкін.

Бұл ретте қаскөйлер ұсынылған тауарлардың кескіндерін жасанды интеллект арқылы жасайды. Ал сатып алушылардың сұрақтарына нақты сатушының орнына чат-бот жауап береді.

Төлем жасалғаннан кейін адам тапсырысты да, ақшасын да ала алмай қалуы мүмкін.

Алаяқтардың арбауына қалай түспеуге болады?

Бас прокуратура күдікті хабарламалардағы сілтемелерге өтпеуге және онда көрсетілген нөмірлерге қоңырау шалмауға кеңес береді.

Сондай-ақ, ешкімге құпия сөздерді, PIN-кодтарды, банк карталарының CVV-кодтарын және SMS арқылы келген растау кодтарын бермеу қажет.

Мамандар төлем жасамас бұрын сайттың түпнұсқалығын және сатушы туралы ақпаратты тексеруді ұсынады. Тапсырыс туралы деректерді хабарламадағы сілтемелер арқылы емес, дүкеннің ресми сайты немесе қосымшасы арқылы өз бетінше нақтылаған абзал.

Егер банк картасының деректері алаяқтардың қолына түссе немесе күдікті ақша ұстау дерегі орын алса, дереу банкке хабарласып, картаны бұғаттау және болған жағдай туралы полицияға хабарлау қажет.

Айта кетейік, қазақстандық педагогтердің кәсіби мерекесі - Мұғалімдер күні 5 қазанда атап өтіледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Бас прокуратура қазақстандықтарға Ұлттық банктің жалған қызметкерлері қатысатын алаяқтық схема туралы ескерткен болатын. Қаскөйлер азаматтарды "ақшаны қорғау үшін" аударуға көндірген. Тек кейінгі бір жарым айдың ішінде Қазақстанда осындай 39 жағдай тіркелген.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus