Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Алматыда дәрігерлер пациенттің көзінен тас сынығын алды

Алматыда жас жігіт тасты балғамен ұрып жатқанда көзінен ауыр жарақат алды. Орталық қалалық клиникалық аурухананың дәрігерлері күрделі ота жасады, деп хабарлайды Tengri Health.
"Сынық көзге терең бойлаған": не болды?
Орталық қалалық клиникалық аурухананың баспасөз қызметінің мәліметінше, таспен жұмыс істеу кезінде оның бір сынығы ұшып кетіп, көздің бірнеше қабығын тесіп өткен. Науқастың қабықшасы, көз бұршағы, нұрлы қабығы және терең құрылымдары зақымдалған.
Офтальмологтарға отаны бірнеше кезеңмен жүргізуге тура келген. Негізгі міндет - көзді сақтап қалу және мүмкіндігінше пациенттің көру қабілетін қалпына келтіру болған.
Дәрігерлер қандай ота жасады?
Жарақат өте ауыр болып шықты: тас сынығы көздің ішіне терең бойлап кіріп кеткен.

"Біз қабықшаны тігіп, жарақаттан пайда болған катарактаны алып тастадық, көз бұршағын бекітіп, нұрлы қабыққа пластика жасадық және витрэктомия (шыны тәрізді денені алып тастау) жүргіздік", - деді офтальмология бөлімшесінің меңгерушісі Гүлзат Әбдірайымова.

Ота кезінде дәрігерлер сынықты тауып алып, оны алып тастады, содан кейін көздің пішінін сақтау үшін сол жерге силикон майын құйды.
Офтальмологтардың айтуынша, бұл жағдай таспен немесе басқа да қатты материалдармен жұмыс істеу кезінде ауыр жарақат алу қаупі жоғары екенін тағы бір мәрте дәлелдейді. Сондықтан мамандар қорғаныш көзілдірігін киюге кеңес береді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus