Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Алматылықтарға көліктерін 4 қазанға дейін айып тұрағынан алып кетуге кеңес берілді

Алматыда автокөліктерді эвакуациялау және оларды айып тұрағында сақтау үшін ақы алына бастайды, деп хабарлайды Tengri Auto.
Осыған байланысты көлік иелерінен заң бұзушылықтарды жойып, автокөліктерін 4 қазанға дейін алып кету сұралды. Өйткені осы күннен бастап көлік түріне қарамастан, эвакуация үшін 3 АЕК (12 975 теңге) төлеуге тура келеді.
Бұдан бөлек, көлік иелері айып тұрағында сақталған алғашқы тәулік үшін 2,5 АЕК (10 812,5 теңге) төлеуге міндеттеледі және бұл сомаға кейінгі әрбір тәулік үшін 5 АЕК (21 625 теңге) қосылып отырады.Фото: Almaty Parking. Эвакуациялау ақысының мөлшері

"Көлік иелеріне заң бұзушылықтарды жойып, көлік құралдарын коммуналдық арнайы тұрақтардан 3 қазанға дейін (қоса алғанда) алып кету ұсынылады. Айта кетерлігі, аталған өзгерістер ӘҚБтК-де көзделген жағдайларда ұсталып, эвакуацияланған көлік құралдарына қатысты", - деп атап өтті басқармадағылар.

Бұл эвакуациялаудың барлық жағдайларына қатысты емес. Тәртіп тек әкімшілік заңнаманы бұзғаны үшін ұсталып, арнайы тұраққа жеткізілген автомобильдер үшін ғана қолданылады.
Астанада бұл қалай жұмыс істейді?
Еске сала кетейік, Астанада көлікті эвакуациялау және оны айып тұрағында ұстау ақылы болған еді.
Қазіргі уақытта елордада келесі тарифтер қолданылады:

эвакуация - 12 975 теңге (3 АЕК), сондай-ақ автокөлікті тұрақта сақтау ақысы бөлек төленеді.

Бұған дейін билік айып тұрағында көлікті сақтағаны үшін сараланған тариф енгізуді жоспарлаған болатын:

эвакуацияланған сәттен бастап 3 сағатқа дейін - тегін;
алғашқы тәулік - 1,5-тен 5 АЕК-ке дейін (2026 жылы шамамен 6 487-ден 21 625 теңгеге дейін);
бұдан әрі құны өсуі мүмкін - 2-7 АЕК-ке дейін (2026 жылы 8 650-ден 30 275 теңгеге дейін).

Тәртіп неге өзгерді?
Жобада өзгерістер мәслихаттың жаңа өкілеттіктеріне байланысты екені атап өтілген. 2025 жылы Астана мен Алматы мәслихаттарына ұсталған көлік құралдарын коммуналдық меншіктегі арнайы алаңдар мен тұрақтарға жеткізу және уақытша сақтау ақысының мөлшерін айқындау құқығы берілді.
Бұған дейін, 2024 жылғы 30 шілдеде Алматы мәслихаты Жол қозғалысы ережелерімен (ЖҚЕ) реттелмеген бөлігінде жол қозғалысын ұйымдастыру ережелерін бекіткен болатын. Онда, атап айтқанда, ұсталған автокөліктерді жеткізу және сақтау тәртібі айқындалған. Құнын есептеу кезінде эвакуаторларды пайдалану, арнайы тұрақтарды күтіп ұстау, тәулік бойы күзет, коммуналдық қызметтер және қажетті инфрақұрылым шығындары ескерілді.
Арнайы тұрақтарда бақылау-өткізу пункті, бейнебақылау, жарықтандыру, қоршау және тәулік бойы күзет болуы тиіс.
Шешім жобасы қараудың тиісті процедураларынан өтіп, қажетті оң қорытындыларды алды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus