Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Дәрігерлер бюрократиядан босатылуы мүмкін: Қазақстанда заң жобасы әзірленіп жатыр

Қазақстанда "Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі мен қызметінің кепілдіктері туралы" заң жобасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы Құрылтай депутаты Дана Медеуова мәлімдеді, деп хабарлайды Tengri Health тілшісі.
"Дәрігер емдеумен айналысуы тиіс"
Дана Медеуова дәрігер мәртебесі биологиялық және ұлттық қауіпсіздік мәселесі екенін атап өтті.
Бірінші кезекте депутат еңбекақы төлеу жүйесі икемді болуы және дәрігердің біліктілігін ескеруі тиіс екенін мәлімдеді. Сондай-ақ ол бюрократия мәселесіне де арнайы тоқталды. Депутаттың айтуынша, дәрігерлерді "бюрократиялық функциялардан" босату қажет.

"Дәрігер шексіз есептерді толтырмай, емдеумен айналысуы керек. "Врач" және "дәрігер" атаулары заңмен қорғалуы тиіс. Бұл сөздердің артында медициналық білім, расталған біліктілік және кәсіби қызметпен айналысу құқығы тұруы керек", – деді депутат Медеуова.

Сондай-ақ ол дәрігерлер тапшылығына нақты баға беру қажеттігін атап өтті. Депутаттың сөзінше, жаңа мамандарды тарту ғана емес, жұмыс істеп жүргендерді сақтап қалу да маңызды.
Күрделі қауіп төнген жағдайда дәрігер шешімді өз бетінше жылдам қабылдауға құқылы болуы тиіс. Ол үшін нақты өкілеттіктер мен заң тарапынан қорғау қажет, деп атап өтті спикер.

"Осы және өзге де мәселелер жүйелі шешімді талап етеді. Сондықтан мен "Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі мен қызметінің кепілдіктері туралы" заң жобасына бастамашылық етемін. Пандемия бізге берген басты сабақ – медициналық жабдықты сатып алуға, дәрі-дәрмекті өндіруге немесе өзге елдерден тапсырыс беруге болады. Алайда, ел басына күн туғанда, дәрігерсіз дәрменсіз қаламыз. Білікті дәрігерді даярлауға он жылға жуық уақыт кетеді. Бірақ әлсіз жүйе дайын маманнан бір күнде-ақ айырылып қалуы мүмкін", – деді Дана Медеуова.

Еске сала кетейік, Қазақстанда Қылмыстық кодекске дәрігерлерге, фельдшерлерге және жедел жәрдем жүргізушілеріне шабуыл жасағаны үшін жауапкершілікті қатаңдататын түзету енгізілді. Ол үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Бұл туралы толығырақ мына сілтеме арқылы оқуға болады.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus