Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Қазіргі “Барыс“ бәрінен асып түссе екен деймін“ - сарапшы тарихтағы ең үздік команда туралы

Хоккей комментаторы әрі сарапшы Александр Олейник клуб тарихындағы ең үздік "Барысты" таңдады. Оның пікірінше, бұл 2008-2009 жылғы маусымдағы команда, деп хабарлайды Tengri Sport.
Қазақстандық комментатор SauBall YouTube-арнасына сұхбат беру барысында қазіргі "Барысты" басқа жылдардағы командалармен салыстырды.
Сарапшының айтуынша, ол 2026/2027 жылғы "Барыстың" бұрынғылардың бәрінен асып түскенін қалайды, бірақ әзірге бұл құрам алдыңғы командалар бағындырған белестерге жете қойған жоқ.
- Мен төртеуін таңдауды ұсынамын: бірінші жартылай финалда 2008-2009 жылғы "Барыс", яғни бірден плей-оффқа шыққан ең алғашқы құрам мен бүгінгі команда кездеседі. Ал екінші жартылай финалда 1/8 финалда "Автомобилисті" талқандаған 13/14 жылғы "Барыс" пен ковидке дейінгі 18/20 жылғы "Барыс" сынға түседі.

"Бірінші жартылай финалда 100 пайыз еш күмәнсіз алғашқы "Барыс". Салыстыру қиын, өйткені біз бүкіл маусымды бір айға толмайтын уақытпен салыстырып отырмыз. Мен үшін сол "Барыс" ерекше ыстық. Ол кезде хоккейге жаңадан бара бастаған едім, трибунадан тамашалайтынмын. Сөзсіз, сол "Барыс" мен үшін үздік. Бұл жартылай финалда еш мүмкіндік жоқ. Маусым аяқталған соң сұрап көрсеңіз, жауабымның қандай болатыны қызық болар еді", - деді Олейник.

Екінші жартылай финалда сарапшы фин маманы Ари-Пекка Селин жаттықтырған және плей-оффтың 1/4 финалына дейін жеткен 2013/2014 маусымындағы команданы таңдады.

"Екінші жартылай финалда мен Селиннің "Барысына" бәс тігемін. Бұл "жаңа леп" сияқты болған, стандартты емес "Барыс" еді. Біріншіден, өз көзқарасы бар шетелдік бапкер, бұны көру біршама ерекше болатын және тағы чемпионат үздіктері мен көшбасшылары қатарында жүрген "Барыс". Оның үстіне, ол кезде "Автомобилисті" жеңу өте керемет нәтиже еді", - деп атап өтті Олейник.

- Көпшілік әлі күнге дейін, егер ковидке байланысты чемпионаттан шығып қалмағанда, 2019/2020 маусымында бұдан да алысқа баруға болатын еді деп есептейді.

"Мүмкін еді. Шынымды айтсам, менің болжамым бойынша біз конференция финалында ойнауымыз керек еді. Ол "Сибирьден" анық өтер едік. Скабелка қолдан келгеннің бәрін жасаушы еді. Құрам мықты, ойыншылар керемет іріктелген болатын", - деді комментатор.

- Онда неге бұл команда ақыры 14-ші жылғы құрамнан жеңіліп қалды?

"Плей-оффқа сілтейік. "Металлург" "Автомобилистке" қарағанда әлсіздеу болды. "Автомобилистпен" ойнау қиынырақ еді, содан болар, бәлкім, бірінші раундтан өтудің құндылығы да жоғары болған шығар", - деп түйіндеді ол.


2014 жылғы "Барыс" пен 2009 жылғы "Барыстың" арасында таңдау жасай отырып, комментатор Қазақстан тарихында ҚХЛ-да ойнаған ең алғашқы команданы таңдады.
- Егер олар бір-біріне қарсы ойнаса? Серия қандай есеппен аяқталар еді?

"Жеті матч болсын делік. 2008-2009 жылғы құрам жеңер еді деп ойлаймын. Боченскидің Штумпелге қарсы ойынын көру өте қызық болар еді. Жайлауов Пушкарёвқа қарсы. Мен өзіме ыстық 2008 жылғы "Барысты" таңдайын. Сол жеңіске жетсін. Бұл - тарих, мен үшін бұл жүректе ұзақ сақталатын із", - деді сарапшы.

Бұл ретте комментатор қазіргі "Барыстың" бұдан да жоғары нәтижеге жетуге қауқары жететінін атап өтті.

"Болашаққа келер болсақ, мен бүгінгі "Барыстың" бұрынғы барлық "Барыстан" асып түскенін қалаймын. Финалға дейін шауып барып, жеңіске жетсек дейміз. Осындай биік мақсаттарды көргім келеді", - деді ол.

"Барыс" тарихы
Еске сала кетейік, қазақстандық "Барыс" 2008 жылдан бері Құрлықтық хоккей лигасының барлық маусымында ойнаған командалардың бірі.
Біздің команданың ең үздік нәтижесі - Гагарин кубогінің 1/4 финалына төрт рет шығуы (2013/2014, 2016/2017, 2018/2019 және 2019/2020 маусымдарында). Кейінгі төрт жылда "Барыс" плей-офф кезеңіне өте алмай келеді.
Жаңа маусымды ҚХЛ-да екі жеңіспен бастап, қарсыластар қақпасына 15 шайба соқты және бірнеше сенсациялық нәтиже көрсетті, соның ішінде қазіргі чемпион - Ярославльдің "Локомотивін" сырт алаңда 0:5 есебімен ойсырата жеңді.
Фото © Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол
Бұдан бөлек, "Барыстың" бірнеше ойыншысы статистикалық көрсеткіштер бойынша үздіктер қатарында: Джастин Бэйли - үздік мерген (7 шайба), Джейк Масси - үздік мерген-қорғаушы (3 шайба), Семён Симонов пен Кирилл Ляпунов - тиімділік көрсеткіші бойынша лигадағы үздіктер.
Қазір команда Шығыс конференциясында 5-орында келеді және плей-оффқа шығу үшін күресті жалғастырып жатыр. Команданың келесі ойыны 30 қыркүйекте Қазанда "Ак Барсқа" қарсы өтеді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus