Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Тегеран АҚШ-пен соғысты қайта бастауға толық дайын екенін мәлімдеді

Иран АҚШ-пен келіссөз жүргізуге де, жаңа әскери қақтығысқа да дайын. Бұл ретте Тегеранға қарсы америкалық агрессияның жаңа кезеңі бұрынғыдай нәтижесіз болады. Бұл туралы Американың NBC телеарнасына берген сұхбатында Иран СІМ басшысы Аббас Аракчи мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Егер агрессияның жаңа толқыны басталса, біз оған толықтай дайынбыз. Кез келген агрессияға, тіпті ол ақырзаман соғысы болса да төтеп береміз. Сонымен қатар дипломатиялық келіссөздерге де дайынбыз. Таңдау президент Трампта", - деді ирандық дипломат.

Ол АҚШ тарапынан шабуылдар қайталанған жағдайда, Тегеран мен Вашингтон арасындағы жаңа әскери қақтығыс бұрынғыдай нәтижесіз болатынын атап өтті.
Сонымен бірге Аракчи Иранның жанжалды дипломатиялық жолмен шешуге толықтай дайын екенін, бірақ ол тек Вашингтон Иранның жеті тармақтан тұратын жоспарын қабылдаған жағдайда ғана мүмкін екенін айтты.
Осы арада АҚШ президенті Дональд Трамп қараша айында өтетін Конгресс сайлауына дейін Иранға соққы жасауды қайта бастауы мүмкін екенін жоққа шығармады.

"Бұл әбден мүмкін", - деді Трамп Fox телеарнасына берген сұхбатында сайлауға дейін соққылардың қайта басталуы туралы сұраққа жауап бере отырып.

Бұған дейін Wall Street Journal газеті Трамптың қарашадағы Конгресс сайлауынан кейін Иранға соққы жасауды қайта бастауға дайындалып жатқанын жазған болатын.
Жексенбіде, 27 қыркүйекте Трамп апта ішінде Иранмен жаңа келіссөздер күтетінін мәлімдеді.
Бұл ретте, Аракчи жексенбіге қараған түні Трамптың мәлімдемесіне қарамастан, Иран делдалдардан Иранның Ормуз бұғазы бойынша ұсыныстарына қатысты АҚШ-тың түпкілікті жауабын күтеді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus