Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Михаил Шайдоров әлемдік рейтингте тарихи жетістікке жетті

Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы, қазақстандық Михаил Шайдоров әлемдік рейтингтегі жаңа орнын білді. Отандық мәнерлеп сырғанау тарихында ол алғаш рет екінші сатыға көтерілді, деп хабарлайды Tengri Sport Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы 4193 ұпай жинады. Көш басында 4590 ұпайы бар америкалық Илья Малинин тұр. Үшінші орында 4123 ұпай еншілеген жапондық Юма Кагияма келеді.

Бұған дейін Шайдоровтың әлемдік рейтингтегі ең жоғары көрсеткіші үшінші орын болған.

Дәл осындай позицияға кезінде қазақстандық тағы бір мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 2014/15 және 2015/16 маусымдарында ие болған. Шайдоровтың қазіргі жетістігіне дейін еліміздің өкілдері арасындағы ең үздік нәтижені Денис Тен ұстап тұрған болатын.

Шайдоров - 2026 жылғы Олимпиада чемпионы, 2025 жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері және 2025 жылғы Төрт құрлық чемпионатының жеңімпазы. Сондай-ақ оның қоржынында Cup of China турнирінің күміс (2024) пен қола (2023) жүлдесі, 2025 жылғы Азия ойындарының қола медалі және 2022 жылғы жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатының күмісі бар.

Ол - Қазақстан тарихындағы барлық спорт түрін қоса алғанда, қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы атанған екі спортшының бірі.

Олимпиададағы жеңісінен кейін Шайдоров мұз айдынына Братиславадағы "Челленджер" сериясына жататын Ондрей Непела мемориалында оралды. Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Словакиядағы жарыста қола жүлдеге ие болды.

“Тұманда жүргендей“ - Михаил Шайдоров Қазақстан Президентімен кездесуі туралы

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus