Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“НЛО ма?“ Қазақстанның бірнеше өңірінде аспаннан ерекше нысан байқалды

Қаскелең мен Шығыс Қазақстан тұрғындары аспаннан құйрықты жұлдызға ұқсайтын ерекше жарықты байқады. Бірі оны комета деп ойласа, енді бірі төбеден ненің ұшып өткенін түсіне алмады. Tengri Life тілшісі Фесенков атындағы Астрофизика институтынан куәгерлердің нақты не көргенін анықтады.
Қазақстандықтар нені түсіріп алды?
Біздің WhatsApp-нөмірге оқырман Қаскелеңде түсірілген видео жолдады. Кадрдан соңынан ұзын жарық із қалдырған нысанды көруге болады.

"Досым екеуміз Қаскелеңде сағат 18:30–18:40 шамасында құлап бара жатқан кометаға ұқсас затты түсіріп алдық. Бұл не болуы мүмкін? НЛО ма?", - деп бөлісті видео авторы.


Дәл осындай құбылыс сол күні кешке Шығыс Қазақстанда да байқалды. Өңір тұрғыны Катонқарағай ұлттық паркінен аспандағы ерекше нысанды видеоға түсіріп алған.

"Катонқарағай: аспанда ұшып бара жатқан не нәрсе? От жағып отырған едік, аспанға қарасақ, бірдеңе ұшып бара жатыр", - дейді видео авторы.













Instagram-дағы бұл жазбаны көру

A post shared by Дивьятур-Автотуры по ВКО-Ваш гид Марина (@marina.shirokih)


Бұл шынымен комета ма?
Осыған ұқсас кадрларды фотограф Дмитрий Доценко Алматыда түсіріп үлгерген. Оның айтуынша, аспанда көрінген нысан - "Прогресс МС-35" ғарыш кемесі.

"Бүгін кешке Байқоңыр ғарыш айлағынан "Союз-2.1б" зымыран тасығышы ұшырылды. Алматылықтар үшін бұл ғарыш кемесінің ұшуын өз көзімен көрудің сирек мүмкіндігі болды. Иә, бұған сену қиын, өйткені Байқоңырға дейінгі тікелей қашықтық 1000 шақырымнан асады!" - деді ол.













Instagram-дағы бұл жазбаны көру

A post shared by Дмитрий Доценко / Фотограф Алматы (@dots_foto)


Фотографтың айтуынша, медузаға ұқсайтын мұндай құбылыс реактивті газдар мен бірқатар сәтті жағдайлардың әсерінен пайда болады.

"Зымыранның күн батқаннан кейін бірден ұшырылуының арқасында бүгін маған "медуза" деп аталатын құбылысты көрудің сәті түсті. Мұндай құбылыс зымыранның реактивті газдары үлкен биіктікте көкжиектен батып кеткен күн сәулесімен шағылысқанда пайда болады. Жерде әлдеқашан қараңғы батқан, ал жүздеген шақырым биіктікте күн әлі шығып тұр", - деп бөлісті фотограф.

Ғалымдар не дейді?
Фесенков атындағы Астрофизика институты ерекше жарықтың зымыран ұшырумен байланысты екенін растады.
Институт мамандары ұшу барысын обсерваториядан бақылаған. Светлана Мошкинаның айтуынша, нысан сағат 18:34-те ұшырылған.

"Зымыран 18:34-те ұшырылды. Көкжиек әлі жарық болатын, сондықтан зымыран кешкі шапақ аясында аса айқын көрінбеді", - деді Светлана Мошкина.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus