Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Трамп ЕО-ның Канадамен жақындасуын “дұшпандық“ деп атап, баж салығымен сес көрсетті

АҚШ президенті Дональд Трамп Канаданың Еуропалық одаққа қауымдасқан мүше ретінде қосылу мүмкіндігін айыптап, бұл "дұшпандық әрекет" болуы мүмкін екенін және оған жауап ретінде Еуропаға қарсы қосымша баж салығын енгізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz NBC News-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Америка көшбасшысы Солтүстік Каролинадағы сайлауалды шара кезінде журналистерге айтты.

"Егер олар (ЕО билігі – ред. ескертпесі) мұны істейтін болса және мен мұны қандай да бір деңгейде дұшпандық әрекет деп санасам, мен өте қатаң баж салығын енгіземін немесе Еуропамен сауданы тоқтатамын", – деді Трамп.

Оның пікірінше, егер Еуропа өзі "оңбаған сауда серіктесі" деп атаған Канадаға одаққа жақсы ниетпен қосылуға рұқсат берсе, бұл қалыпты жағдай.

"Егер ниеттері жаман болса, біз өте жоғары баж салығын енгіземіз", – деп толықтырды Ақ үй басшысы.



.@POTUS Канаданың Еуропалық одақтың қауымдасқан мүшесі болуы мүмкіндігі туралы:"Меніңше, бұл күлкілі жағдай... Канада оңбаған сауда серіктесі болды... Егер мен мұны қандай да бір деңгейде дұшпандық әрекет деп санасам, мен өте қатаң баж салығын енгіземін немесе Еуропамен көптеген бағыттар бойынша сауданы тоқтатамын". pic.twitter.com/AWOFLAZc8I
— Rapid Response 47 (@RapidResponse47) 2026 жылғы 16 қыркүйек
Еске сала кетейік, өткен күні Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақтың Канадамен қарым-қатынасын "мүмкін болатын ең жоғары деңгейге" шығарғысы келетінін айтқан болатын. Ол Оттаваның Еуропалық одақтың алғашқы "қауымдасқан мүшесі" болуға шақырылғанын мәлімдеді. Сондай-ақ Еурокомиссия басшысы Канадамен технология, маңызды шикізат, энергия және қорғаныс саласында жаңа альянс құруды ұсынды.
Сонымен қатар Ақ үй Трамптың 16 қыркүйекте канадалық тауарлардың федералдық мемлекеттік сатып алуларға қатысуына тыйым салатын меморандумға қол қойғанын хабарлады, деп жазады DW. Ақпаратқа сәйкес, Вашингтон бұл шараларды "мемлекеттік сатып алулар нарығына қол жеткізуге тырысқан америкалық компанияларға негізсіз жаңа кедергілер қойған" Канаданың әрекетіне жауап ретінде қабылдап отыр.
15 қыркүйектен бастап АҚШ президентінің әкімшілігі Канададан келетін ірімшік, болат, алюминий, қағаз, жиһаз, шамдар және басқа да тауарларға қосымша 50 пайыздық баж салығын енгізді. Бұл ретте Трамп әкімшілігінің өкілдері бұл қадам Оттаваның жаңа баж салығын енгізуіне тікелей жауап болғанын атап өтті.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus