Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Өте ұзақ уақыт болған“ – СІМ АҚШ-та қазақстандық әйелдің ұсталуы туралы

АҚШ-тың иммиграциялық қызметі (ICE) ұстаған Қазақстан азаматы Штаттарда ұзақ уақыт болған. Оның қазіргі жағдайына қатысты Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әйелге адвокат жалдады
Оның айтуынша, әйелдің АҚШ-та заңды көші-қон мәртебесі жоқ. Ол елде ұзақ уақыт заңсыз жүрген.

"Ол елде өте ұзақ уақыт болған. Қазір оның заңды құқықтарын қорғау үшін адвокат жалданды. Біздің қызметкерлер онымен және отбасымен байланыс орнатты", – деді Жанболат Үсенов.

Ұсталу мән-жайы
Бұған дейін әлеуметтік желілерде қазақстандық әйел ұсталғаны туралы жазба жарияланған. Хабарлама авторы 12 қыркүйекте ICE қызметкерлері оның құрбысын – үш баланың анасын ұстағанын мәлімдеді.

"Анасын үйіне қайтару үшін отбасына legal fees (заң көмегіне жұмсалатын шығындар) және bond (иммиграциялық кепіл) төлеу керек", – делінген хабарламада.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі ұстау дерегіне қатысты ақпаратты растады.

"Қазақстан азаматын заңды миграциялық мәртебесінің болмауына байланысты Флорида штаты аумағында АҚШ иммиграциялық қызметі ұстады", – деп хабарлады ведомстводан.

Бұған дейін ICE АҚШ-та ер адам ұсталғаны туралы хабарлаған болатын, ведомство оны Қазақстан тумасы және "терроризмге қатысы бар деп танылған немесе күдіктелген тұлға" деп атады. Бұл ретте Америка ведомствосы егжей-тегжейлі мәліметті жарияламады, ал Қазақстан СІМ ақпарат тексеріліп жатқанын хабарлады.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus