Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Классикалық банк ипотекасына сұраныс азайып жатыр - сарапшылар

Қазақстандағы ипотека нарығы жыл басындағы сұраныстың төмендеуінен кейін сәл жандана бастады. Дегенмен, өсім әлі де "Отбасы банктің" жеңілдетілген бағдарламалары есебінен жүріп жатыр. Екінші деңгейлі банктердің нарықтық ұсыныстары азайып келеді, деп көрсетілген Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының ақпаратында.
Қазақстанда ипотекаға деген сұраныс 2025 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда төмендеді.

"Өтінімдер саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,4 пайызға азайып, 419,2 мыңды құрады. Сонымен қатар бірінші тоқсандағы күрт төмендеуден кейін (тоқсанға шаққанда -20,8 пайыз), екінші тоқсанда сұраныс ішінара қалпына келді (+18,7 пайыз). Бұл жыл басындағы ең әлсіз кезеңнің өткенін білдіреді", - делінген Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының (ҚҚҚ) аналитикалық шолуында.

ҚҚҚ сарапшылары ипотекаға сұраныстың төмендеуін тұрғын үй бағасының өсуімен байланыстырады.

"Өтінімдер санының азаюына қарамастан, жаңа ипотекалық несиелер беру көлемі өткен жылмен салыстырғанда 12,4 пайызға өсті (1,1 триллион теңгеге дейін), ал бөлшек сауда нарығы жалпы алғанда 3,6 пайызға қысқарды. "Отбасы банк" берген несиелері 32,8 пайызға артып, 916,7 миллиард теңгені құрады. Бұл екінші деңгейлі банктердің нарықтық ипотекалық өнімдерінің 39 пайызға (161,5 миллиард теңгеге дейін) қысқаруын толығымен өтеді", - деп атап өтті қаржыгерлер.

Қысқасы, қазақстандықтар ипотеканы негізінен "Отбасы банктен" алады.

"Ал классикалық банктік ипотека көлемі азаюын жалғастырды. Осы орайда екінші деңгейлі банктердің нарықтық өнімдерінің үлесі бір жыл бұрынғы 26,2 пайыздан 14,3 пайызға дейін төмендеді", - делінген ҚҚҚ шолуында.

Жалпы алғанда, Қазақстандағы ипотекалық портфель 7,5 триллион теңгеге бағаланып отыр. Оның ішінде 4,4 триллион теңгесі немесе 60 пайызға жуығы "Отбасы банкке" тиесілі.
ҚҚҚ сарапшылары 2026 жылдың үшінші тоқсанында ипотекаға сұраныс "Отбасы банктің" сол баяғы жеңілдетілген несиелері мен құрылыс салушылардың серіктестік бағдарламалары есебінен қалпына келеді деп болжайды.
Тағы оқыңыз:
Қайталама тұрғын үйді ипотекаға алу ережелері неге өзгертілді: Отбасы банк түсіндірмесі

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus