Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Баскетболдағыдай“: “Барыс“ басшылығы команданың жабылуына қатысты пікір білдірді

"Барыс" басшылығы "Астана" баскетбол клубының жағдайы қайталанып, кәсіби команданың жабылып қалуынан қауіптенбейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Tengri Sport.
"Барыс" бас директорының орынбасары Алексей Мамонтовтың айтуынша, клубты жабу мәселесі күн тәртібінде жоқ.
- Биыл жазда "Астана" баскетбол клубының жабылғаны туралы жаңалық көпшілікті таңғалдырды. Оның үстіне Спорт министрлігі мұндай шешімді нәтижелердің төмендігімен негіздеді. "Барыс" та кейінгі төрт жыл бойы плей-офф кезеңіне шыға алмай келеді. "Барысқа" қатысты баскетболдағыдай жағдай қайталануы мүмкін деген қауіп бар ма?

- Бұл ретте біз де Sport Qory-нан тиісті деңгейде қаржы алып отырғанымызды айта аламын. Сонымен қатар демеушілерді тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз. Хоккейді дамыту жолындағы ынтымақтастығымыз жемісті болып, бәрі жақсы болады деп сенеміз.

- Қауіп жоқ па?

- Жоқ, ешқандай қауіп жоқ. Біз жұмысты жалғастырып, ойындарға дайындалып жатырмыз, - деп атап өтті Мамонтов.

Еске сала кетейік, ВТБ Бірыңғай лигасының маусымы басталар алдында Туризм және спорт министрлігі кәсіби команда жабылатынын жариялаған болатын. Ведомство мәліметінше, команда шығындарына жылына 1,8 миллиард теңге бөлініп келген.
Антикордың мәліметінше, 2018-2023 жылдар аралығында "Барысқа" одан 4 есе көп сома бөлінген.
Фото © Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол
"Астана" БК жабылуы - хронология
7 тамызда Туризм және спорт министрлігінің өкілдері Астанадағы кәсіби команда жабылатыны туралы мәлімдеді.

"Астана" негізгі командасының таратылуы бүкіл қазақстандық баскетболға үлкен соққы болады. Бұл жас ойыншылардың дамуына қауіп төндіреді, ұлттық чемпионатты әлсіретеді, ұлттық құрамаға ойыншылар даярлау жүйесін бұзады және спорт түрінің болашағына айтарлықтай нұқсан келтіреді", - делінген ойыншылар үндеуінде.

Ведомство команданың жабылуын нашар нәтижелермен түсіндірді: команда 8 жыл бойы плей-оффқа шыға алмаған, ал 2024/2025 маусымында ВТБ Бірыңғай лигасындағы өнерін антирекордпен - 44 матчте 42 рет жеңіліс тауып аяқтаған.
Бұл ретте команданы жабу туралы шешім сәтсіз маусымнан кейін бірден қабылданған жоқ - ол кезде тек ВТБ лигасындағы өнер көрсетуді бір маусымға тоқтата тұру туралы айтылған еді. Сонымен қатар 24 маусымда қаржыландыру мәселесі шешілгендіктен, команда лигаға қайта оралатыны туралы ақпарат тараған болатын.

"Болмаған бір жылда біз ұйымды легионерлерге қатысты заңнаманың жаңа талаптарына сәйкес қайта құрдық, яғни коммерциялық қаражат тарту мен клубтың табысын айтарлықтай жақсарттық. Өткен маусым бойы біз Азия лигасында ойнадық, құрамда үш легионер болды - олардың шығындары бюджеттен тыс көздерден өтелді.Сондай-ақ Қазақстан құрамасының ойыншыларын тарта алдық. Олар - Роберт Пан, қазір Ресейден Олег Балашовты, "Каспийден" Ивановты қайтарып жатырмыз. Яғни, құраманың негізгі ойыншылары ВТБ лигасында жақсы ойын тәжірибесін жинақтайды. Бірақ біз FIBA Азия чемпиондар лигасында өнер көрсетуді жалғастыруды жоспарлап отырмыз", - деп мәлімдеген болатын клубтың бас директоры Самсон Аракелян тілшімізге берген сұхбатында.

- Жаңа маусымда легионерлерге қатысты саясат қандай болмақ - олардың жалақысын төлейтін демеуші бар ма?

- Иә, бізде бірнеше демеуші бар. Олар өте ірі компаниялар емес, бірақ қаражат жеткілікті болады. Сонымен қатар ВТБ лигасы аясында қосымша демеушілер келеді деп күтіледі. Сондықтан маусымға сеніммен қараймыз. Легионерлердің жеткілікті санын ұстап тұруға қаражатымыз жетеді, - деп атап өткен еді Аракелян.

Осылайша, екі апта ішінде "Астана" БК халықаралық лигаға оралатын командадан кәсіби құрамы жоқ клубқа айналып, Қазақстан құрамасының мүшелері маусым басталуына санаулы күндер қалғанда жұмыссыз қалды.
Спорт министрлігі командаға қанша қаражат жұмсалғанын және оның тағдыры не болатынын айтты
Бұл жағдайға байланысты Tengri Sport министрлікке бірнеше сұрақ жолдады. Ведомство өз жауабында клубтың жабылуы нәтижелердің нашар болуына байланысты екенін растады.
Министрлік "Астана" КБК жеке мекемесі еліміздегі жетекші баскетбол клубтарының бірі екенін еске салды. Оның құрылтайшысы "Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры" корпоративтік қоры.

"Сонымен қатар команданың 2024-2025 жылдардағы ВТБ Бірыңғай лигасындағы нәтижелері клубтың бәсекеге қабілеттілігі айтарлықтай төмендегенін көрсетеді. 2024/2025 маусымының қорытындысы бойынша команда 44 матчтің ішінде тек 2 рет жеңіске жетіп, 42 рет жеңіліске ұшырады. Бұл ретте ағымдағы маусымда да спорттық нәтижелердің айтарлықтай жақсаруына алғышарттар байқалмайды", - делінген Спорт министрлігінің жауабында.

Ведомство ақпаратына сәйкес, 2023 жылдан 2026 жылға дейін "Астана" БК-на 7,2 миллиард теңге (жыл сайын 1,8 миллиардтан) бөлінген.

"Осыған байланысты Қор ересектер командасының ВТБ Бірыңғай лигасына қатысуын тоқтату арқылы Клубты қаржыландыруға қарастырылған бюджет шығындарын оңтайландыру, сонымен бірге Ұлттық лигаға жастар құрамымен қатысу туралы шешім қабылдады. 2026 жылы Қор тарапынан клубқа 1,8 миллиард теңге көлемінде қайырымдылық көмек бөлінді. 2023, 2024 және 2025 жылдары да клубқа осындай мөлшерде қаражат бөлінген болатын", - деп түсіндірді ведомство өкілдері.

Қаржы ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында Қор жергілікті ойыншыларды даярлауға және жастар командасын дамытуға бағытталған клубтың қазіргі даму моделін қайта бағдарлау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл команда болашақта Қазақстан ұлттық құрамасы спортшыларын дайындайтын негізгі алаңға айналады.
Сондай-ақ Спорт министрлігі спорттық резервті даярлау жүйесін жетілдіру және ұлттық баскетбол жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасатынын атап өтті.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Astana Basketball Club (@astanabasket) жариялаған мәлімет


"Астана" баскетбол клубы 2011 жылдың наурызында "Самұрық-Қазына" қорының қолдауымен құрылып, бірден ВТБ Бірыңғай лигасында өнер көрсете бастады. 2012 жылы баскетбол командасы "Астана" президенттік кәсіби спорт клубы құрамына енді.
2020 жылы таратылғанға дейін оның құрамына "Барыс" ХК, "Астана" ФК, "Астана" велокомандасы, "Астана Арландары" бокс клубы, сондай-ақ Astana Dakar Team ралли-рейд командасы кірген болатын.
Еске сала кетейік, баскетболдан Қазақстан құрамасы биыл Азия ойындарына қатысады. Команда С тобына түсті, онда Қытай, Бахрейн және Филиппин құрамаларымен шеберлік байқасады.
Қазақстан чемпиондары қаржыландырудың жоқтығынан турнирден шығып қалды
Қазақстан чемпионы турнирден бас тартқаннан кейін екі күннен соң қайта оралатынын мәлімдеді

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus