Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Сабақ басталды: жүргізушілерге жолда аса мұқият болу ескертілді

1 қыркүйекте мыңдаған бала мектепке барды. Оқу жылының басталуына байланысты жүргізушілерге жолда барынша мұқият болу ескертілді, деп хабарлайды Tengri Auto.
"ҚазАвтоЖол" жүргізушілерге мектеп маңында, аулаларда және жаяу жүргіншілер өткеліне жақындағанда жылдамдықты азайту қажеттігін еске салады. Бала жолға кенет шығып қалуы мүмкін, сондықтан мұндай жағдайға дайын болу керек.

Сондай-ақ жүргізушілерге көлік жүргізу кезінде телефонға алаңдамау ескертілді.
Ата-аналарға баламен бірге үйден мектепке дейінгі қауіпсіз бағытты алдын ала жүріп өту және жолдан өту ережелерін еске салу жөнінде кеңес беріледі. Жолдан тек белгіленген жерден және бағдаршамның жасыл түсіне, көліктердің тоқтағанына көз жеткізгеннен кейін ғана өту керек.
Қараңғы уақытта бала жолда анық көрінуі үшін киіміне, аяқ киіміне немесе сөмкесіне жарық шағылыстыратын элементтер тағу ұсынылады.
Бұған дейін Қазақстан ІІМ оқу жылы қарсаңында жүргізушілерге үндеу жасаған болатын. Елімізде "Абайлаңыз, балалар!" акциясы басталып, оның аясында мектептер мен басқа да білім беру мекемелері маңында бақылау күшейтілді.
Құқық қорғау органдары автокөлік жүргізушілерін жылдамдық режимін сақтауға және жолда балалардың кенет пайда болуына дайын болуға шақырды.
Сонымен қатар жаяу жүргіншілер өткелдерінің, жол белгілері мен таңбаларының жай-күйі, мектеп автобустары тексеріліп жатыр. Мектеп маңындағы жол инфрақұрылымын тексеруден кейін 548 ұйғарым шығарылды.
Еске салсақ, Жол қозғалысы ережелері қазақстандық мектептерде жеке пән ретінде оқытылады. Бұл туралы бұған дейін Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова айтты.
"Қазақстан балалары" бағдарламасы аясында мектептерде "Жеке қауіпсіздік" атты жаңа пән пайда болады. Оған жол қозғалысы ережелері, сондай-ақ жеке қауіпсіздік пен қоғамдық орындардағы қауіпсіздік тақырыптары кіреді.
Пән 5-9 сынып оқушыларының сабақ кестесіне енгізіледі. Сабақты педагогтар мен психологтар өткізеді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus