Тоқаев “Бішкек Арена“ стадионына барды
Тоқаев VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысу үшін "Бішкек Арена" стадионына барды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаевты Қырғызстан президенті Садыр Жапаров күтіп алды.
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға жұмыс сапарымен барды. Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 26-шы отырысына және "ШЫҰ+" форматындағы кездесуге, сондай-ақ VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысады.
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қырғызстанда 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында өтеді. Оған 100-ден астам елден 3 мыңға жуық спортшы қатысады деп жоспарланған. Ойындар бағдарламасы ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енген.
Осы маңызды іс-шаралар қарсаңында Қырғызстанда қауіпсіздік шаралары күшейтілді.