АҚШ-тың Иран аралына жасаған соққыларынан кейін мұнай бағасы күрт көтерілді
ice.com сайтының мәліметінше, Астана уақытымен сағат 05:40-тағы жағдай бойынша Brent маркалы мұнай фьючерстері 1,08 долларға немесе 1,23 пайызға өсіп, барреліне 89,18 доллар болды. Ал америкалық West Texas Intermediate мұнайы 92 центке немесе 1,10 пайызға қымбаттап, 84,32 долларға жетті.
Бұған дейін АҚШ әскері соққы жасап, Ормуз бұғазындағы Иранның Ларак аралындағы екі ұшыру қондырғысын жойған болатын. Бұл – шілде соңынан бері АҚШ-тың Парсы шығанағындағы аталған елге жасаған алғашқы шабуылы.
Бұған жауап ретінде Иран АҚШ-тың Иорданиядағы екі әуе базасына шабуыл жасады, деп хабарлады дүйсенбіде Иран БАҚ-тары Ислам революциясы сақшылар корпусына сілтеме жасап.
"Техникалық графиктер мәліметіне сәйкес, егер қақтығыс ушығып, WTI мұнайының бағасы барреліне 85,80–85,90 долларлық кедергі деңгейінен асса, бұл бағаның одан әрі өсуіне жол ашады. Алдымен өткен аптадағы ең жоғарғы көрсеткіш - 87,69 долларға, содан кейін шілдедегі ең жоғарғы мән - 93,50 долларға дейін жетуі мүмкін", - дейді сарапшылар.Reuters.
Жексенбіде АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэламен жасалған жаңа келісім аясында алынған мұнай АҚШ-тың стратегиялық мұнай резервін толықтыруға жұмсалатынын мәлімдеді. Қазіргі уақытта бұл резерв соңғы 44 жылдағы ең төменгі деңгейге түскен.