Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Швейцарияда мыңдаған адам ғылым үшін іш киімдерін жерге көмген

Швейцарияның түкпір-түкпірінде еріктілер 2000-ға жуық аппақ мақта іш киімін жерге көміп, екі айдан соң оларды топырақ сынамаларымен бірге қазып алып, ғалымдарға жіберді. Цюрих университеті мен Agroscope зерттеу институтының мамандары осы арқылы топырақ сапасы мен ондағы ағзалардың белсенділігі туралы құнды деректер алды, деп хабарлайды Tengri Life DW басылымына сілтеме жасап.
Сараптама нәтижесіне сүйенсек, іш киімдердің шіру деңгейі жеріне қарай әртүрлі болған: кейбір жерлерде екі айдан кейін мата тек тесілген болса, енді бір жерлерде іш киімдерден тек жіптер ғана қалған.
Жекеменшік бақшаларға көмілген іш киімдердің матасы бәрінен де аз қалған: дәл осы жерлерде топырақ органикалық заттарға бай болып шықты - бұл шұбалшаңдар, саңырауқұлақтар, бактериялар және басқа да топырақ ағзалары үшін таптырмас жағдай.



Ең төмен биологиялық белсенділік көгалдарда анықталса, егістіктер мен шабындықтар орташа нәтиже көрсетті. Сонымен қатар бақшалардағы мақтаның тым қатты шіруі тыңайтқыштың шамадан тыс көптігін білдіруі мүмкін екенін зерттеушілер ескертті.
Ғалымдар қалың бұқараның назарын топырақ саулығына аудару үшін әдейі мақтадан жасалған іш киімдерді таңдап алған.

"Бұл күлкілі көрінгенімен, сонымен бірге топырақты зерттеудің тиімді әдісі", - деп атап өтті зерттеу жетекшілерінің бірі.

Жоба авторлары бұл бастаманың мақсаты - топырақ сапасының адамзат үшін аса маңыздылығын еске салу екенін атап өтті.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus