Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Анасын қорғаймын деп қаза тапты: Қостанай облысында жасөспірімнің өгей әкесіне үкім шықты

Жітіқарадағы адам өлтіруге қатысты атышулы оқиға бойынша арнайы сотта үкім шығарылды. Қаза тапқан жасөспірімнің өгей әкесі 23 жылға сотталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Дастарқан басынан қайғылы оқиғаға дейін
Биылғы сәуірде Жітіқарадағы отбасылардың бірінде болған отырыстың соңы қайғылы оқиғамен аяқталды. Отағасы туысымен бірге ішімдік ішкен, қонақ кеткеннен кейін ер адам мен оның жұбайы арасында жанжал шыққан. Жанжал кезінде ол әйеліне пышақпен тап бергені бұған дейін хабарланған болатын. Алдын ала мәлімет бойынша, анасын арашаламақ болған 15 жастағы жасөспірім қаза тапты.
Аман қалған ана
Әйел көптеген жарақат алды, алайда ер адамның қылмысты соңына дейін жеткізуіне туысы кедергі болған. Жасөспірімнің анасы аман қалды.
Сот айыпталушыны ақыл-есі дұрыс деп таныды, ол істеген ісіне өкініп, кешірім сұрады. Бұған дейін прокурор оған 22 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесуді сұраған, ал туыстары өмір бойына бас бостандығынан айыруды талап етті.

"Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі "Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу" және ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі "Адам өлтіру", сондай-ақ 99-баптың 2-бөлігі 10, 13 және 14-тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, орташа қауіпсіздік мекемесінде 23 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын", - деп судья Ольга Шаньгина үкімді оқыды.

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты моральдық шығынды өтеу бойынша талап арызды ішінара қанағаттандырып, қаза тапқан жасөспірімнің анасына 15 миллион теңге, ал әкесіне 5 миллион теңге төлеуге міндеттеді.
Бұған дейін Қостанай облысының 51 жастағы тұрғыны әйелі мен 16 жастағы ұлын өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған еді. Ол бұл қылмысқа қызғаныштан барғаны хабарланған болатын.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus