Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Үйсіздерді іздеп, карта үшін ақша төлеген: Оралда қылмыстық схема әшкере болды

Оралда киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері дропперлер схемасын ұйымдастырды деген күдікпен ер адамды ұстады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, күдікті белгілі бір тұрағы жоқ адамдарды іздеп, оларға банк шоттары мен карталарын ашқаны үшін ақша ұсынған. Верификациядан өткеннен кейін олар банктік деректерге қолжетімділікті күдіктіге беріп отырған.
Тәртіп сақшылары барлығы 40-қа жуық дропперді анықтады. Полицияның дерегінше, олардың шоттары мен карталары интернет-алаяқтық салдарынан азаматтардан ұрланған ақшаны аудару үшін пайдаланылған.
Анықтама: Дроппер - бұл алаяқтар ұрланған ақшалай қаражатты шығару және қолма-қол ақшаға айналдыру үшін пайдаланатын тұлға. Әдетте, дроппердің атына банктік шоттар мен төлем карталары ресімделіп, олар арқылы заңсыз жолмен алынған ақша аударылады немесе қолма-қол ақшаға айналдырылады.
Тінту кезінде күдіктіден 732 мың теңге, 14 телефон, SIM-карталар және банктік карталар тәркіленді.
Ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сот оны қамауға алуға санкция берді. Тергеу амалдары жалғасып жатыр, полиция қосымша эпизодтар мен схеманың ықтимал қатысушыларын анықтап жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін жыл басынан бері Қаржылық мониторинг агенттігінің 33 дропперлік ұяшықты жойғаны хабарлаған болатын. Құқыққа қайшы әрекетке 500-ден астам адамды тартқан 40-тан астам қылмыстық схема ұйымдастырушысы анықталды. Дропперлердің банк шоттары арқылы 112 миллиард теңгеден астам сомаға заңсыз қаржылық операциялар жүргізілген.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus