Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Астана тұрғыны жеке деректерін қорғау үшін 17,6 миллион берген: бопсалаушы 7 жылға сотталды

Астана тұрғыны жеке өміріне қатысты мәліметтерді таратамын деп қорқытқан ер адамға 17,6 миллион теңгеден астам ақша берген. Бопсалаушы жеті жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz елордалық прокуратураға сілтеме жасап.
Қадағалау органының мәліметінше, қаскөй жәбірленушінің жеке мәліметтерін пайдаланып, оларды таратпау үшін ақша талап еткен. Психологиялық қысымды күшейту мақсатында ол мессенджерде жалған аккаунт ашып, өзін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырған. Ер адам жәбірленушіні бұл ақша "мәселені шешіп", мәліметтердің таралуына жол бермеу үшін қажет деп сендірген.

Қорқытудың жүзеге асуынан қауіптенген астаналық оған 17,6 млн теңгеден астам ақша берген.
Сотта прокурор сотталушының кінәсін дәлелдейтін айғақтарды ұсынды. Нәтижесінде сот ер адамды аса ірі мөлшерде бопсалау жасағаны үшін кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Прокуратура азаматтарды бопсалауға бой алдырмауға және осындай қорқыту фактілері болған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Шымкентте жергілікті блогер мен оның үш сыбайласы ұсталды. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, олар кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметшілерден ақша бопсалаған.
Тағы оқыңыз: Өзгенің опасыздығынан миллион тапқан зейнеткер: Қазақстанда бұл кәсіп қалай жұмыс істейді?

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus