“Ең жақсы әке“: белгілі актер Юрий Цурило қайтыс болды
Кеңестік және ресейлік театр және кино актері Юрий Цурило 79 жасында дүниеден өтті. Оның қазасы туралы актердің ұлы әлеуметтік желіде хабарлады, - деп жазады Tengri Life.
"Бүгін әкем дүниеден озды! Керемет адам, әлемдегі ең жақсы әке, ғажайып актер Юрий Цурило өмірден өтті!Мәңгілік есте", - деп хабарлады Всеволод Цурило Instagram парақшасында.
Юрий Цурило - кеңестік және ресейлік театр және кино актері. Оған кинодағы жұмыстары, соның ішінде "Хрусталев, машину!", "Поп", "Вий 3D", "Дурак", "В августе 44-го" фильмдеріндегі рөлдері кең танымалдылық әкелді. Актер сонымен қатар телехикаяларға түсіп, театрда ойнаған.