Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Ұлыбританияның 117 жастағы тұрғыны Гиннестің ерекше рекордын жаңартты

Ұлыбританияның 117 жастағы тұрғыны Этель Катерхэм Гиннестің рекордтар кітабындағы өз жетістігін жаңартып, әлемдегі ең қарт адам атанды, деп хабарлайды Tengri Sport.
Гиннестің рекордтар кітабының баспасөз қызметі Этель Катерхэмді туған күнімен құттықтады. Британдық кейуана 117 жасқа толып, әлемдегі ең қарт адам ретінде өз рекордын жаңартты.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Guinness World Records (@guinnessworldrecords) жарияланымы


Этель Катерхэм - 117 жастағы рекордшы
Бұған дейінгі ең қарт адам, 116 жас 326 күн өмір сүрген бразилиялық Ина Канабарро Лукас қайтыс болғаннан кейін, әлемдегі ең жасы үлкен адам атағы британдық Этель Катерхэмге өтті.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

LongeviQuest (@longeviquest) жарияланымы


Сондай-ақ Этель Катерхэм 20-сыншы ғасырдың бірінші онжылдығында дүниеге келген көзі тірі соңғы адам екенін атап өткен жөн (ол 1909 жылы 21 тамызда туған).

Этель Катерхэм — 20-сыншы ғасырдың бірінші онжылдығында туған көзі тірі соңғы адам (1909 жылы туған). pic.twitter.com/gHFFILx4yY— History Calendar (@HistoryCalendar) 23 маусым, 2025 жыл
Этель Катерхэмнің өмірбаяны117 жастағы британдық әйел қызықты ғұмыр кешті. 1927 жылы 18 жасында ол жалғыз өзі кемеге мініп, үш аптаға созылған сапарға аттанды. Бұл саяхат оны Үндістандағы жаңа өмірге алып келді.
Бірнеше күн өткен соң ол британ армиясында қызмет ете бастап, Корольдік армия корпусының подполковнигі шеніне дейін көтерілген Норман Кейтерхэмге тұрмысқа шықты. Кейін олардың Джем және Энн есімді екі қызы дүниеге келді.Өкінішке қарай, Этель 1976 жылы сүйікті жары Норманнан айырылды, сондай-ақ екі перзенті де өзінен бұрын дүниеден озды. Джем 2000-жылдардың басында қайтыс болса, Энн 2020 жылдың ақпанында 82 жасында қатерлі ісіктен көз жұмды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Guinness World Records (@guinnessworldrecords) жарияланымы


66 жастағы жекпе-жек шебері Гиннестің 30-шы рекордын орнатты
Астаналық 80 жастағы марафоншы Салтанат Түйтебаев Кейптаундағы (ОАР) 42 шақырымдық бәйгені аяқтап, елге оралды. Tengri Sport тілшісіне берген сұхбатында ол жарыстан алған әсерлерін бөлісіп, отбасы туралы айтып берді

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus