Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Ашты, жапты және қайта ашты: Сац атындағы театр маңындағы алаң не болды?

Алматыда Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театрына іргелес аумақты кешенді абаттандыру жұмыстары аяқталды. Ескі субұрқақтың орнына бассейндері бар балалар алаңы пайда болды. Алайда көп ұзамай оған кіруге уақытша шектеу қойылды. Қазір демалыс орны келушілер үшін қайта ашылды, жағдайды Tengrinews.kz тілшісі анықтап көрді.
Жаңа ойын аймағы
Реконструкциядан кейін ғимарат маңында, Шаляпин көшесі жағынан балалар су алаңы мен демалыс аймағы ерекше жабдықталды. Бұл жер бірден қала тұрғындарының сүйікті орнына айналды - мұнда балалар өте көп жиналатын болды.
Алматыдағы Сац атындағы БЖТ аумағын жаңартудан кейінгі алаң. Фото: Тengrinews.kz
Алайда ашылғаннан кейін бірнеше күн өткен соң, әлеуметтік желілерде алаң айналасы лентамен қоршалып, келушілер үшін жабылғаны туралы жазбалар пайда болды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Салтанат Махмуттың (@saltamakh) жазбасы


Вандализм жағдайлары
Алматы әкімдігінің мәліметінше, бұған вандализм жағдайлары мен кейбір келушілердің ерсі мінез-құлқы себеп болған.

"Пайдалану кезеңінде ересек келушілер тарапынан вандализм мен мәдениетсіздік танытудың жекелеген фактілері тіркелді. Бұл субұрқақ суының ластануына және су құралдары бірнеше элементінің істен шығуына әкеп соқты", - деп хабарлады қала әкімдігі.

Фото: Тengrinews.kz
Қала билігінің ақпаратына сәйкес, бүгінде барлық ескерту жойылып, зақымдалған элементтер қалпына келтірілді, аумақ тиісті күйге келтіріліп, келушілер үшін толықтай ашылды.
Еске салсақ, Алматыдағы көне театрлардың бірі - Сац атындағы БЖТ-ны реконструкциялау 2025 жылдың наурызында басталды. Бұған дейін қалалық құрылыс басқармасы Tengrinews.kz тілшісіне жұмысты биыл қыркүйектің басында аяқтау жоспарланғанын хабарлаған болатын.
Сондай-ақ бұған дейін нысанды жаңартуға 21,7 миллиард теңге бөлінгені, ал мердігер "Alem Qurylys AQ" ЖШС болғаны хабарланған.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus