Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қабан жолбарысқа қарсы: “Іле-Балқаш“ резерватындағы кездесу жалғасын тапты

"Іле-Балқаш" мемлекеттік табиғи резерватында түсірілген, қабанның жолбарысқа тап беріп, жыртқышты шегінуге мәжбүрлеген видеосы әлеуметтік желілерде кеңінен тарады. Бұдан кейін желі қолданушылары жағдайды қалжыңға айналдырып, батыл қабанды жаңа мем кейіпкеріне айналдырды, - деп хабарлайды Tengri Life.
Бәрі қалай басталды?
Түпнұсқа кадрларда жануар жолбарысқа қарсы шабуылға шығып, оны кейін шегінуге мәжбүрлейді. Бұл ерекше текетірес Қазнет пайдаланушыларының назарын тез аударды.

Қазақстандықтар оқиғаның басқа нұсқаларын ойлап таба бастады.

"Мен Балқаш қабанымын. Тұран жолбарыстарының қалай жойылып кеткенін білесіздер ме? Оны адамдар жасады деп ойлайсыздар ма? Бұл біздің тұяқтан келді. Қазақстанда біз көппіз, өйткені мұнда біз халал емеспіз", - деп әзілдеді кейіпкер.


@zhasynkanbayev
Тағы қандай Амур жолбарыстары? ????
♬ түпнұсқа дыбыс - Жасын Қанбаев





@blablabra7 Енді екінші тарапты тыңдап көрейік. Балқаш жолбарысын қуған сол баяғы қабан ???? #қабан #жолбарыс #амуржолбарысы #балқашжолбарысы #юмор ♬ The Lion Sleeps Tonight - Vittorio Fraja




"Қабанға қарасам, түрі ипотекасы бар, енесімен тұратын және Wi-Fi-ы ұстамайтын адам сияқты. Сондықтан шегінді. Бұл қабан бастық сияқты. Дайындалып келгеніңмен, жаңа тапсырмалар арқалап қайтасың. Ол несие сияқты, басында түк емес көрінгенімен, кейін кеш болады", - деп түсіндірді жыртқыштың әрекетін қолданушылар.



@creative_qazaq Қабанмен келіссөз сәтсіз аяқталған сияқты ???????? #Тигр #Жолбарыс #балқаш ♬ түпнұсқа дыбыс - Qreative_Qazaq


Оқиға көп ұзамай толыққанды мини-сериалға айналды. Желі қолданушысы жолбарыс пен қабан текетіресі туралы сұрақтарға жауап берген әзіл-оспақ "баспасөз мәслихатын" жасаған. Жолбарыс кек алу үшін қайтып оралуға уәде берді.

















Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

ShynarAI_Astana_Kazakhstan (@ai_shynar_creator) жарияланымы







Ал келесі жасанды интеллект бейнежазбасында уәде орындалады: жолбарыс қайтып оралады және бұл жолы қабанды жеңеді.


@creative_qazaq Жолбарыс мәселені жапты. Қабан аурухана парағын ашты ???????? #Тигр #Жолбарыс #балқаш ♬ түпнұсқа дыбыс - Qreative_Qazaq


Видеоның пікірлерінде қолданушылар қабан мен жолбарыс арасындағы текетіресті күтпеген сюжеттік бұрылыстары бар сериал сияқты тамашалау қызық екенін айтып қалжыңдап жатыр.
"Іле-Балқаш" резерватындағы жолбарыстар туралы не белгілі?
Жолбарыс пен қабанның кездесуі Іле-Балқаш резерватында болған. Бұған дейін бұл кадрлар қазақстандықтардың назарын аударған болатын: желі қолданушылары видео бейнежазбасына Қазақстанға жіберілген Үміт есімді жолбарыс түсіп қалған болуы мүмкін деп болжаған еді.
Экология және табиғи ресурстар министрлігі сол кезде жазбада 2024 жылы Нидерландыдан Қазақстанға әкелінген екі жолбарыстың бірі екенін хабарлады. Бұл - Богдан атты еркек жолбарыс немесе Кума атты ұрғашы жолбарыс. Ведомство мәліметінше, видео биыл түсірілген, ал қос жануар қазір резерватта.
Алғашқы екі амур жолбарысы - Богдан мен Кума - Қазақстанға 2024 жылдың қыркүйегінде келді. Олар жолбарыс популяциясын қалпына келтіру бағдарламасы аясында Іле-Балқаш резерватына орналастырылды.
Тамыз айында Қазақстанда соңғы 70 жылдан астам уақыт ішінде алғаш рет Үміт есімді амур жолбарысы тарихи мекеніне жіберілген болатын.
Тағы оқыңыз: “Көптен бері хабар жоқ“: қазақстандықтар Үміт атты жолбарысқа алаңдаушылық білдірді

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus