Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде екі түн бойы қозғалыс шектеледі

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде екі түн бойы қозғалыс шектеледі, деп хабарлайды Tengri Auto.
Шектеу LRT жобасын іске асыруға байланысты енгізіліп отыр. 21 және 22 тамызда сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін Наурызбай батыр көшесінен Сейфуллин даңғылына дейінгі аралықта қозғалыс толық жабылады.
Фото: @AlmatyJoly
Бұл учаскеде мамандар инженерлік желілерді қайта құру жұмыстарын жүргізеді.
Қала әкімдігі жүргізушілерден енгізілген шектеулерді ескеріп, жүретін бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды. Жөндеу жүргізілетін учаскеде ескерту жол белгілері қойылады.
LRT құрылысы қашан аяқталады және ол қай жерден өтеді?
Бұған дейін қала әкімдігі бұрынғы трамвай бағыты бойынша ұзындығы 18,3 шақырым болатын алғашқы LRT желісі өтетінін хабарлаған болатын. Ол Алатау ауданының индустриялық аймағын "Алматы-2" теміржол вокзалымен байланыстырады.
Бағыт Бауыржан Момышұлы және Төле би көшелерімен, содан кейін Абылай хан даңғылы арқылы "Райымбек батыр" көлік-ауысып міну торабына дейін өтеді.

"Жобаланып жатқан LRT желісі - Дарабоз, 13-шағынаудан, Ғажайып, Нұркент, "Алатау сити" ТК, Алмалы шағынаудандарын қаланың орталық бөлігімен байланыстыратын, ұзындығы 18,3 шақырым болатын екі жақты жол. Желі негізінен Момышұлы, Төле би көшелері мен Абылай хан даңғылы бойындағы оқшауланған жол төсемі арқылы өтеді", - делінген Алматыдағы LRT желісінің бірінші кезегі құрылысын жария талқылауға арналған құжатта.

Желіде 34 жолаушылар платформасы қарастырылған: оның 12-сі аралдық, 22-сі жағалаулық. Табан ені 1435 миллиметр болады.

Төле би көшесінде 4 аралдық және 15 жағалаулық бекет орналасады.
Момышұлы көшесінде 5 аралдық және 5 жағалаулық бекет қарастырылған.
Абылай хан даңғылында 3 аралдық және 2 жағалаулық бекет болады.

Құрылыс жұмыстарын 2027 жылдың сәуірінен 2029 жылдың сәуіріне дейін жүргізу жоспарланған.
Тағы оқыңыз: "Аптапта 2 шақырым жаяу жүруге тура келді" - LRT құрылысына байланысты Төле би көшесінде не болып жатыр?
Төле би "кедергіге" толы: бұл туралы Алматы полициясы не дейді?

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus