Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қайтарылған активтердің жүздеген миллиард теңгесі өңірлерге бағытталды: олар қайда жұмсалып жатыр?

Активтерді қайтару науқаны аясында жүздеген миллиард теңге Қазақстан өңірлеріне бағытталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елге барлығы 1,1 триллион теңгеден аса актив қайтарылды. Барлық қаражат Арнайы мемлекеттік қорға түседі. Сонымен, қордан 617,7 миллиард теңге Қазақстан өңірлеріндегі 500-ден астам әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаны қаржыландыруға жұмсалды.
Ауыз суға қол жеткізу
Үкімет мәліметінше, елдің бірнеше өңірінде халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша 267 жобаға 226,5 миллиард теңге бөлінген:

Ақмола облысы: 2025 жылы өңірді сумен жабдықтауға салынған инвестиция көлемі 23 миллиард теңгеден асты. 32 жобаны іске асырудың арқасында ондаған елдімекенге орталықтандырылған су келді.
Солтүстік Қазақстан облысы: құны 14,9 миллиард теңге болатын 28 жобаның аяқталуы Айыртау, Есіл, Мамлют, Тайынша аудандарында, сондай-ақ Шал ақын ауданындағы 30-дан астам ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтуға мүмкіндік берді.
Абай облысы: іске асырылған 15 жоба есебінен 20 мыңға жуық ауыл тұрғыны таза суға қол жеткізді.
Алматы: қор қаражаты Қайрат, Ақжар, Ақбұлақ, Боралдай және Қарағайлы шағынаудандарында сумен жабдықтау және кәріз тарату желілерін салуға бағытталды.

Денсаулық сақтауды жаңғырту
Сондай-ақ Үкімет денсаулық сақтау саласында жалпы сомасы 176,8 миллиард теңгеге 191 жобаны іске асыруды бекітті. Қаржыландыру ауылдардағы алғашқы көмекті дамытуға да, қалаларда жоғары технологиялық клиникалар салуға да бағытталған.
Өңірлер бойынша негізгі нысандар мен нәтижелер:

Шығыс Қазақстан облысы: Риддерде 200 орындық заманауи көпбейінді аурухана құрылысы аяқталды. Сонымен қатар өңірде мамандандырылған Гематология орталығының құрылысы жалғасып жатыр.
Маңғыстау облысы: Ақтауда жаңа жедел медициналық жәрдем станциясы пайдалануға берілді.
Қарағанды облысы: 6,9 миллиард теңге сомасына 51 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысанының құрылысы мен реконструкциясы аяқталды.
Қостанай облысы: тұрғындар үшін Перелески ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория және Жітіқарада емхана ашылды. Сонымен қатар Арқалықтағы өңірлік аурухананы реконструкциялау жалғасып жатыр.


Шалғайдағы елдімекендерге келетін болсақ, "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында бүкіл ел бойынша ауылдарда 145 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысанының құрылысы аяқталды.
Авиация
Көлік саласын дамытуға Арнайы мемлекеттік қордан 43 миллиард теңге бөлініп, ол бүкіл ел бойынша сегіз ірі жобаны іске асыруға бағытталды. Өңірлік авиацияны қалпына келтіруге және қалалар арасындағы көлік байланысын арттыруға ерекше назар аударылды.

Мәселен, Балқаш әуежай кешенін реконструкциялауға 946 миллион теңге жұмсалды. Соның нәтижесінде әуе айлағының өткізу қабілеті сағатына 60-тан 80 жолаушыға дейін артты, ал 2026 жылғы 1 маусымнан бастап Балқаштан Астана мен Алматыға тұрақты рейстер жолға қойылды.
Арқалық әуежайындағы құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталу сатысында. Нысанда жаңа екі қабатты терминал бой көтеріп, 2,5 шақырымдық ұшу-қону жолағы күрделі жөндеуден өтті және арнайы техника сатып алынды. Қазір әуежай қорытынды сертификаттау тексерісінен өтіп жатыр. Арқалықтан Қостанай, Астана және Алматыға тұрақты әуе қатынасын ашу жоспарланған.
Спорттық инфрақұрылым
Қайтарылған активтер есебінен спорттық жобаларға 67,5 миллиард теңге бөлінді. Негізгі нысандар арасында:

Көкшетау: заманауи көпфункционалды спорт кешенінің құрылысы аяқталды. Нысан жекпе-жек және командалық ойындарға арналған әмбебап залдармен, сондай-ақ соңғы үлгідегі тренажерлермен жабдықталған. Кешен облыстық және республикалық деңгейдегі жаттығулар мен турнирлерді өткізуге толық дайын.
Астана: Қ. Мұңайтпасов атындағы стадион реконструкциядан кейін ресми түрде ашылды. Сонымен қатар елордада "Қазақстан" спорт сарайын жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр.
Ақмола облысы: Зеренді ауылында жергілікті жастар мен аудан тұрғындарына арналған жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді.


Білім беру
Бұл салада жалпы сомасы 64,4 миллиард теңгеге 17 жоба бекітілді.
Петропавлда жаңа жалпы білім беретін мектеп пен 280 орындық мектепке дейінгі мекеме пайдалануға берілді. Шымкентте арнайы мектеп-интернат үшін 300 орындық жатақхана салынды. Абай, Ұлытау, сондай-ақ Жамбыл және Қостанай облыстарында жаңа оқу орындары бой көтерді.
Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты үшін ауданы 6600 шаршы метр болатын ғимарат толық реконструкцияланды.
Жолдар және энергетика
Солтүстік Қазақстан облысында жаңа өнеркәсіптік кәсіпорындардың алаңдарына кірме автомобиль жолдарын, жылумен жабдықтау желілерін, телефондандыру және нөсер кәрізін тарту бойынша кешенді шаралар іске асырылып жатыр. Жамбыл, Қарағанды және Абай облыстарында энергия жүйелерінің тұрақтылығын арттыру үшін жылу, газ және электрмен жабдықтау нысандарын (қазандықтар, газ құбырлары, электр беру желілері) салу және жаңғырту жобалары жүргізіліп жатыр.
Үкімет мәліметінше, бөлінетін ресурстар басым әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларға - денсаулық сақтау, білім беру, сумен жабдықтау, спорт нысандарына, әуежайлар мен инженерлік желілерге бағытталып, өңірлердегі халықтың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етеді.
Бұған дейін Tengrinews.kz активтерді қайтару механизмі қалай жұмыс істейтінін, елден шығарылған қаражатты кім және қалай іздейтінін және олардың кімнен алынатынын егжей-тегжейлі баяндаған болатын.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus