Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Құрылтай сайлауы: шетелде Қазақстаннан не күтеді?

23 тамызда Қазақстанда жаңа бірпалаталы Парламент - Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы өтеді. Шетелдік сарапшылар Tengrinews.kz тілшісіне жаңа парламенттік модельден не күтетінін, оның тиімділігі қандай критерийлер бойынша бағаланатынын және саяси өзгерістердің Қазақстанның шетелдік серіктестерімен қарым-қатынасы үшін маңызы қандай болатынын айтып берді.
Өз бағалауларын Henry Jackson Society сарапшысы Даррен Дж. Спинк, Eurasia Policy Council өкілі Раза Сайед және Берлин Сенатының бұрынғы ресми өкілі Михаэль-Андреас Бутц бөлісті.
Жаңа Құрылтайға деген сенім неге байланысты болады?
Даррен Дж. Спинк Құрылтайдың құрылуын қазақтың маңызды мәселелерді алқалы талқылау дәстүрімен де, саяси жаңғырудың қазіргі кезеңімен де байланыстырады. Алайда, оның пікірінше, жаңа заң шығарушы орган үшін ең бастысы оның атауы немесе құрылымы емес, қоғамның сұранысын ескеру қабілеті болмақ.
Даррен Дж. Спинк. Фотоны сұхбат беруші ұсынған

"Қазақстанға азаматтардың мемлекеттік саясатты қалыптастыруда маңызды рөл атқаруына мүмкіндік беретін институттар қажет. Сайып келгенде, Құрылтайға деген сенім қоғамдық сұраныстардың заң шығарушы органның жұмысында көрініс табу-таппауына байланысты болады", - деп атап өтті Спинк.

Осыған ұқсас пікірді Раза Сайед те ұстанады. Оның пайымдауынша, Құрылтайдың құрылуы саяси жаңғырудың маңызды кезеңі болуы мүмкін, бірақ жаңа органның нақты маңызы оның жұмысында айқындалады.
Раза Сайед. Фотоны сұхбат беруші ұсынған

"Құрылтай - Қазақстанның саяси жаңғыру жолындағы маңызды қадам. Оның нақты мәні депутаттар азаматтардың мүдделерін қаншалықты тиімді білдіре алатынымен, заң шығару қызметіне қатысуымен және биліктің есеп берушілігін арттыруға ықпал етуімен айқындалады", - деді Сайед.

Сарапшының айтуынша, жаңа парламенттік модельді ең алдымен депутаттар жұмысының сапасы, түрлі мүдденің өкілдігі және заң шығарушы органның азаматтардың сұраныстарына жауап беру қабілеті бойынша бағалау керек.
Неге 23 тамыздағы сайлау маңызды кезең болмақ?
Спинк алдағы сайлауды конституциялық өзгерістердің қалай жұмыс істейтінін көрсететін алғашқы практикалық көрсеткіштердің бірі деп санайды. Ол саяси бәсекелестік пен партиялардың қатысуына ерекше назар аударады.
Оның бағалауынша, сайлау өткізу ішкі саясат үшін ғана емес, Қазақстанның шетелдік серіктестер мен инвесторлар алдындағы имиджі үшін де маңызды.

"Батыс инвесторлары үшін саяси өзгерістердің реттелген түрде жүруі, институттардың тұрақты болуы және мемлекеттік саясаттың күрт өзгермеуіне сенімді болу маңызды. Бәсекелі сайлау жаңа парламенттің легитимділігін және Қазақстанның тікелей шетелдік инвестициялар үшін болжамды бағыт ретіндегі беделін нығайтады", - деп есептейді сарапшы.

Раза Сайед 23 тамыздағы сайлауды тарихи маңызы бар деп атайды, өйткені осыдан кейін конституциялық өзгерістер жаңа заң шығарушы органның жұмысында іске аса бастайды.

"Кеңірек мағынада айтсақ, бұл сайлау Қазақстанның конституциялық өзгерістерді нақты жұмыс істейтін саяси институттар деңгейіне қалай көшіретінін көрсетеді", - деп атап өтті сарапшы.

Михаэль-Андреас Бутц та алдағы дауыс берудің маңызын азаматтардың заң шығарушы органның құрамына ықпал ету мүмкіндігімен байланыстырады.
Михаэль-Андреас Бутц. Фотоны сұхбат беруші ұсынған

"Қазір халықтың барлық тобы демократиялық процеске тартылды. Олар өз дауыстары арқылы Парламент құрамын анықтай алады, ал Парламент заңдарды өз бетінше қабылдайды. Бұл - халықтың ие бола алатын ең жоғары ықпал ету деңгейі. Сондықтан 23 тамыздағы сайлаудың маңызы зор", - деп есептейді Бутц.

Бірпалаталы Парламент: жаңа модель нені өзгерте алады?
Спинк біртұтас палата заңдарды қабылдауды жылдамдатып, кейбір процедураларды қысқартып, шешімдер үшін жауапкершілікті түсініктірек ете алады деп санайды. Сонымен қатар, оның айтуынша, заң шығарушы органның нақты өкілеттіктері принципті маңызға ие.

"Егер заң шығарушы органның нақты өкілеттіктері мен парламенттік бақылауға және мемлекеттік саясатты қалыптастыруға белсенді қатысу үшін жеткілікті саяси салмағы болса, бірпалаталы жүйелер табысты жұмыс істей алады.
"Құрылтайдың жетістігін парламенттік пікірталастардың сапасы, өкілдіктің әртүрлілігі, заң шығару жұмысының тиімділігі және азаматтардың басымдықтары мен сұраныстарына жауап беру қабілеті бойынша бағалау керек", - дейді Сайед".

Бутц бірпалаталы Парламентке көшуді қолайлы модель деп санайды және көптеген Батыс елінде таралған екіпалаталы жүйенің әмбебап емес екенін атап өтеді.
Оның пікірінше, мемлекеттік институттардың қаншалықты тиімді жұмыс істейтіні және азаматтардың саяси процеске қаншалықты толық қатыса алатыны маңыздырақ.

"Халықтың сайлауға қатысуы әлдеқайда маңызды. Жаңа заңнама еркін және ең бастысы, тең сайлау өткізуді, сондай-ақ әртүрлі ұстанымды білдіретін саяси партиялардың қатысуын қамтамасыз етеді", - деп атап өтті Бутц.

Ол пропорционалды сайлау жүйесіне көшуге ерекше назар аударды, оның бағалауынша, бұл депутаттар корпусын қалыптастыру кезінде партиялардың мүмкіндіктерін кеңейте алады.
Реформалар инвесторлар үшін нені білдіреді?
Спинк шетелдік бизнес саяси өзгерістерді, ең алдымен, институттардың тұрақтылығы, реттеудің дәйектілігі және мемлекеттік саясаттың болжамдылығы арқылы бағалайтынын атап өтті.
Егер жаңа парламенттік модель заң шығару процесін түсініктірек әрі жүйелі етсе, бұл елдің инвестициялық тартымдылығы үшін де маңызды болуы мүмкін деп есептейді ол.
Сонымен қатар Бутц Қазақстанның еуропалық елдермен ынтымақтастық келешегін саяси және экономикалық тұрақтылықпен байланыстырады. Ол Германиямен қарым-қатынасқа ерекше көңіл бөледі.

"Батыс шикізат ресурстары мен мұнай саласында ғана емес, экономикалық ынтымақтастыққа өте мүдделі. Атап айтқанда, Германия бұған қатты қызығушылық танытып отыр және біз мұндай ынтымақтастықты кеңейтуді қалаймыз әрі кеңейтеміз", - деді сарапшы.

Бутц Қазақстанда өндірістік жобаларды дамытуды перспективалы бағыттардың бірі деп санайды.

"Неміс өнеркәсібі дайын шикізатты ғана сатып алғысы келмейді. Дайын өнім шығару мүмкіндіктерін тікелей Қазақстанда жасау қажет. Бұл жерде әлі де үлкен олқылық бар және бұл бағыттың әрі қарай дамуы үшін айтарлықтай әлеуеті бар", - деп есептейді сарапшы.

Оның пайымдауынша, бизнес үшін инвестициялық жобалар бойынша шешімдердің орталық және өңірлік деңгейлерде қаншалықты жылдам әрі түсінікті қабылданатыны да маңызды.
Қазақстандағы өзгерістер неге өңір үшін маңызды?
Спинк пен Сайед Қазақстанда жүріп жатқан өзгерістердің өңірлік маңызына бөлек тоқталды.
Спинктің пікірінше, елдің экономикалық салмағы, саудадағы, көлік бағыттарындағы және жеткізу тізбегіндегі рөлі өзгерістердің нәтижесі ішкі саясат шеңберінен шығып кетуі мүмкін екенін білдіреді.

"Сәтті реформалар Қазақстанның өңірлік тұрақтылық пен халықаралық өзара байланыстың негізгі тіректерінің бірі ретіндегі ұстанымын одан әрі нығайта түседі", - деп түйіндеді Спинк.

Сайед те реформаларға деген қызығушылықты Қазақстанның Орталық Азиядағы орнымен байланыстырады. Сонымен қатар, оның ойынша, өзгерістерге берілетін халықаралық баға, ең алдымен, нақты нәтижелерге - жаңа институттардың тиімділігіне, саяси қатысуға және сайлау процесінің ашықтығына байланысты болады.

"Қазақстанның саяси тұрақтылығы елдің экономикалық салмағына, оның стратегиялық жағдайына және өңірлік өзара байланысты дамытудағы рөліне байланысты бүкіл Орталық Азия үшін маңызды", - деп атап өтті Сайед.

Сарапшылардың пікірінше, жаңа парламенттік модельге көшудің нәтижесін Құрылтай жұмысын бастағаннан кейін түпкілікті бағалауға болады. Негізгі критерийлер қатарында олар заң шығарушы органның тиімділігін, саяси өкілдікті, қоғамдық сенімді және мемлекеттік институттардың болжамдылығын атайды.
Бұған дейін Қазақстандағы реформалар мен алдағы сайлау туралы Бельгия мен Оңтүстік Корея сарапшылары пікір білдірген болатын. Олар саяси өзгерістерді мемлекеттік институттардың дамуы және Қазақстанның Орталық Азиядағы рөлі тұрғысынан бағалады.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus