TikTok-та жол ережесін бұзғанын көрсеткен ер адам 8 тәулікке қамалды
Жарияланған бейнежазбаларда ер адам жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, сондай-ақ балағат сөздер айтқан.
Құқықбұзушының жеке басы анықталып, ол ұсталды. Анықталған деректер бойынша ер адамға қатысты әкімшілік материалдар толтырылды. Сот шешімімен құқық бұзушы сегіз тәулікке қамауға алынды.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Шымкент қаласы полиция департаментінің жарияланымы (@police_shymkent)
Полиция әлеуметтік желілерде заңсыз контент жариялау, қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы ережелерін бұзу заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.