Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Жыл мемі“: футболдан Қазақстан чемпионаты трансляциясына балағат сөздер айтқан балалар кіріп кеткен

Футболдан Қазақстан чемпионатының Екінші лигасы матчінің трансляциясы кезінде белгісіз балалар микрофонға бірнеше балағат сөз айтып жіберді. Осы сәт түсірілген видео әлеуметтік желіде тез тарап кетті, деп хабарлайды Tengri Sport.
Оқиға 12 тамызда Петропавлда өткен "Қызылжар" мен "Алтай" жастар құрамалары арасындағы 18-тур ойынында болған. Таймдар арасындағы үзілісте трансляцияда кенеттен бірнеше баланың дауысы естіліп қалды.
Әлеуметтік желі қолданушылары бұл оқиғаға бірден назар аударды.
Ролик жүз мыңдаған қаралым мен ондаған пікір жинады.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

TengriNews | Қазақстан жаңалықтары (@tengrinewskz) жарияланымы



"Қазіргі футбол туралы бұдан артық айта алмайсың!";"Футбол қандай болса, пікір де сондай";"Жыл мемі";"Негізі, Қазақстандағы футболға мұндай пікір дәл келеді", - деп жазды олар.

Айта кетейік, трансляция режиссерлері бірнеше секундтан кейін дыбысты өшірді, соның арқасында балалардың "комментаторлық мансабы" ұзаққа созылмады.
Балалар қазақстандық футболға балағат сөзбен пікір білдірді: оқиға қалай болды?
Tengri Sport болған жағдайдың мән-жайын жергілікті команда өкілдері мен Қазақстан футбол федерациясынан білмек болды. "Қызылжар" клубы трансляцияға федерация жауапты екенін алға тартып, оқиғаға қатысты пікір беруден бас тартты.

"Қазақстан Екінші лигасы матчінің трансляциясы кезінде балағат сөздер айтылған видеожазбаның таралу фактісі бойынша ішкі тексеріс жүргізілді. Тексеру барысында көрермендер футбол алаңының периметрі бойында орналасқан микрофондардың біріне қол жеткізгені анықталды.Бұл микрофондар интершумды - матч өтіп жатқан жердегі тікелей дыбыстық атмосфераны беру үшін қолданылады. Ойын үзілісі кезінде балалар микрофондардың біріне жақындап, нәтижесінде олардың балағат сөздері тікелей эфирге кетіп қалғаны белгілі болды.Интершум беретін микрофондардың орналасу ерекшелігін ескерсек, олардың әрқайсысын үнемі бақылауда ұстау қиындық тудырады. Соған қарамастан, тексеріс қорытындысы бойынша алдағы трансляциялар кезінде мұндай жағдайларды болдырмау үшін қосымша шаралар қабылданады. Көрермендерден осы оқиға үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңызға алғыс білдіреміз", - деп жауап берді Tengri Sport сауалына Кәсіби клубтар арасындағы жарыстарды өткізу жөніндегі дирекция менеджері Дастан Ғаббасов.

Сондай-ақ бұл жағдай туралы ел чемпионаты матчтерінде де, Әлем чемпионаты мен Чемпиондар лигасының финалдарында да жұмыс істейтін тәжірибелі комментатор Димаш Төлегеновтен сұрадық. Ол да балалардың стадиондағы дыбысты жазып алатын микрофонға жетіп алғаны әбден мүмкін екенін растады.

"Меніңше, балалар стадиондағы интершумды жазатын микрофонды тауып алып, омының бәрін айта бастаған. Ол әдетте қайда орнатылады? Бұл туралы ойланбаппын. "Астана Аренада" кейде тура ортада, трибуна астындағы тоннельдің алдында болады. Камераға бекітілген осы микрофонның арқасында пас берген кездегі доптың соққысы жақсы естіледі", - деп атап өтті комментатор.

Бұған дейін комментатор Дидар Есімов Қазақстан Премьер-лигасының "Ордабасы" мен "Астана" арасындағы матчі кезінде шатасып кетіп, тікелей эфирде дөрекі сөз айтып қойған болатын.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus