Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Тайвань жасанды интеллект көмегімен хакерлік шабуыл жасалғаны туралы мәлімдеді

Тайвань мемлекеттік органдарға жасалған кибершабуылдарды анықтады, онда хакерлер жасанды интеллект негізіндегі құралдарды пайдаланған. Бұл туралы Тайваньның Цифрлық технологиялар министрлігі хабарлады, - деп жазады Tengrinews.kz Reuters-ке сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, шабуылдар шетелден жасалған. Зардап шеккен мемлекеттік құрылымдар оқиға салдарын жоя алған.
Министрлік шілдеде киберқауіпсіздік мамандары мемлекеттік жүйелерге жасалған "аномальді шабуылды" анықтағанын хабарлады. 20 шілдеден бастап Тайваньның Ұлттық киберқауіпсіздік институты ескертулер шығарып, сонымен қатар тергеу жүргізе бастады.
Тергеу барысында шабуылдардың шетелден басталғанына нұсқайтын белгілер анықталды. Хакерлер аралас тәсілді қолданған: операциялардың бір бөлігін адамдар, ал бір бөлігін OpenClaw сияқты ЖИ-агенттер орындаған.
Анықтама: OpenClaw - бұл жеке жабдығыңызда немесе серверіңізде жұмыс істейтін, бастапқы коды ашық жеке ЖИ-ассистент.

"Шабуыл көздері, қолданылған әдістер мен әсер ету ауқымы толық зерттелді, ал зардап шеккен ведомствалар оқиға салдарын жою жұмыстарын рет-ретімен аяқтады", - деп мәлімдеді Тайваньның Цифрлық технологиялар министрлігі.

Оқиғадан кейін Тайвань билігі ЖИ-ді қолданатын кибершабуылдардан қорғану бойынша қосымша ұсыныстар әзірлеп, мемлекеттік ақпараттық жүйелердің мониторингін күшейтті. Сонымен қатар, Цифрлық технологиялар министрлігі шабуыл жасалған елдің атын атамады.
Тайваньға жасалған кибершабуылдар туралы не белгілі?
Тайвань кейінгі жылдары Қытайды "гибридті соғыс" жүргізіп жатыр деп бірнеше рет айыптады. Тайбэйдің нұсқасы бойынша, бұған арал маңындағы әскери жаттығулар, ақпараттық науқандар мен кибершабуылдар кіреді.
Тайваньның Ұлттық қауіпсіздік бюросы мәліметінше, 2025 жылы аралдың маңызды инфрақұрылым нысандарына жасалған кибершабуылдар саны өткен жылмен салыстырғанда алты пайызға өскен. Орташа есеппен күніне 2,63 миллионға жуық шабуыл тіркелген.
Қаңтарда ведомство кейбір кибершабуылдардың Қытайдың әскери жаттығуларымен бір мезгілде болғанын да хабарлады. Тайбэй оларды маңызды жүйелердің жұмысын бұзуы мүмкін гибридті қауіптердің бір бөлігі ретінде қарастырды.
Тайвань билігінің бұл мәлімдемесі киберқауіпсіздік саласындағы израильдік Dream компаниясы ЖИ-ді қолданатын басқа хакерлік науқанды тергеу нәтижелерін жариялағаннан кейін бір күн өткен соң жасалды.
Компания мәліметінше, шабуыл барысында ЖИ-агенттер мемлекеттік шенеуніктердің ондаған паролін алу үшін бірлесе жұмыс істеп, Тайвань Әділет министрлігі қызметкерлерінің дербес деректерін ұрлаған және елдің Ядролық қауіпсіздік агенттігінің осал тұстарын тексерген.
Dream мәліметінше, бүкіл операцияны өткізуге төрт күн қажет болған. Компания ЖИ-агенттер пайдаланған толық жұмыс кеңістігін тапқаннан кейін шабуылдың барысын қалпына келтіре алғанын мәлімдеді.
ЖИ хакерлерге шабуылдарды жеделдетуге көмектеседі
Жасанды интеллектіні қолданатын киберқауіптердің барына бірнеше жыл болды, алайда жаңа ЖИ-модельдерінің дамуы қаскөйлерге барлау жүргізуді, осал тұстарды іздеуді және шабуылдарды дайындауды айтарлықтай жылдамдатуға мүмкіндік береді.
Semgrep компаниясының зерттеушісі Крис Томас болған оқиға қаскөйлердің өз мақсаттарына жету үшін ЖИ-ді қаншалықты жылдам қолдана алатынын көрсететінін айтты.
Сонымен қатар, маман мұндай жүйелердің автономдылық деңгейін асыра бағаламауға шақырды.

"Бұл тізбектің бір жерінде бәрібір адам бар. Біреу нысананы таңдап, тапсырманы анықтап, тиісті нұсқау беруі керек еді. Бұл толықтай автономды жүйе емес", - деді Томас.

Оның айтуынша, шабуылдың артында нысана мен іс-қимыл бағытын белгілеген білікті оператор тұр.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus